Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы қара қардың жағдайы туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы қара қардың жағдайы туралы

2025 жылдың 8 қаңтарынан бастап әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласының тұрғындарының қара қар туралы хабарламалары тарай бастады.

Экология департаментінің қызметкерлері бұл құбылыстың себептерін анықтады: ластаушы заттардың қайнар көзі «Kazakhmys Distribution» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу электр станциясындағы қазандықтарынан атмосфераға түсетін шығарындылардың тазарту қондырғылары арқылы толық тазартылмауы. 2024 жылы Ұлытау облысы бойынша экология департаменті осыған ұқсас факті бойынша «Kazakhmys Distribution» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тексеру жүргізген болатын. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 42,9 млн теңге айыппұл салынып, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап Экология департаменті «Kazakhmys Distribution» ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Қазір мамандар ЖЭО-ның шығарынды көздерінен әрі қарай талдау үшін сынама алып жатыр. Анықталған бұзушылықтар және қабылданған шаралар туралы ақпарат тексеру аяқталғаннан кейін беріледі.