Семинар барысында А.М.Бекмухаметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, құмар ойындарға қатысуға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берді, сондай-ақ мереке күндері алдында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде пайда болуына жол бермеу және деструктивті діни ағымдардың қызметіне мемлекеттік қызметшілерді тартуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары мен ережелерін сақтаудың негізгі аспектілерін көрнекі түрде тақырыптық бейнероликтерді көрсетумен аяқталды.