Жалпы ақпарат

Көшкінбаев А.Ж
Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы

Жаңақала ауданының әкімі

Аудан туралы

Жаңақала ауданы - Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы батыстан шығысқа қарай - 120 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 208 км құрайды. Аудан территориясы облыстың үш ауданымен: Ақжайық, Казталов, Бөкейорда аудандарымен және Атырау облысының Индер ауданымен  шекараласып, олармен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Аудан шекарасының жалпы ұзындығы - 632 км құрайды.

Аудан аумағы - 20,8 мың км2 немесе облыс аумағының 13,75%-ын құрайды. Аудан халқының саны - 24,1 мың адамды (2023 жылдың 1 қаңтарына) немесе облыс халқының 4,1%-ын құрайды. Халықтың орташа тығыздығы 1м2 - 1,16 адам.

Аудан әкімшілік-аумақтық бөлім бойынша - 9 ауылдық округтен, 22 елімекеннен тұрады. Аудан орталығы - Жаңақала ауылы. Аудан орталығы мен Орал қаласымен арақашықтығы - 252 км.

Ауданның негізгі табиғи су ресурстарына Көшім, Үлкен және Кіші Өзен өзендері болып табылады.

Қызмет бағыты