Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруХалыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш бере аласыз және алты жұмыс күні ішінде сіздің өтінішінізге жауап беріледі.
Өтініш
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;
Білімі туралы дипломның көшірмесі;
Неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
Кредиттік бюро
2. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету қағидасына сәйкес 3 (үш) жыл тұрақты жұмыс істеуге міндеттеме қабылданады.
ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес.
4 баптың 1-тармағы.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Отбасының құрамына:
1) Толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;
2) Мерзімді әскери қызметтегі адамдар
3) Бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы орташа кіріс пен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (2020 жылдың 4 тоқсаны бойынша кедейлік шегі 22 432 теңге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.
АӘК мыналарға тағайындалмайды:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы (22 432 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);
2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;
3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;
5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.