Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құрылыс саласы

2019 жылдың 9 айлығында бөліммен "Нұрлы жер" бағдарламасы, "Өңірлерді дамыту" бағдарламалары аясындағы құрылыстар мен жобалау жұмыстары іске асырылды.

Оған бюджеттен 326,4 млн теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде: Жаңақала ауылындағы жер учаскелерін электрмен жабдықтау жұмыстарына - 191,6 млн теңге, Жаңақала ауылындағы жер учаскелерін газбен жабдықтау жұмыстарына - 14,5 млн теңге, Жаңақала ауылындағы 3 қабатты үйдің құрылысына - 107,2 млн теңге, жобалау-сметалық құжаттамалар жасақтау мен сараптамадан өткізу жұмыстарына - 13,1 млн теңге.

 

Тұрғын үй құрылысы

2019 жылы "БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы 3-қабатты жалдамалы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылымын тарту құрылысы(аяқтау)" мердігер – “ЖАЛПАҚТАЛ СУ” ЖШС-мен салынып, 5 шілдеде  пайдалануға берілді. Жобаның құны – 181 199,0  мың  теңге. 2018 жылы игерілген қаражат - 74 000,0 мың теңге, 2019 жылы 107 199,0 мың теңге игерілді. Салынған тұрғын үй 3 қабатты, 24 пәтерлік. Оның ішінде: 12 пәтер - 1 бөлмелі, 12 пәтер - 2 бөлмелі. Тұрғын үй қажетті инфрақұрылыммен, балаларға арналған ойын алаңымен қамтылған.

Сонымен қатар, Жаңақала ауылының солтүстік -батыс бөлігінде 2 пәтерлік 20 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, оған №ҚСҚKAZ-0060/19 сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны - 536 879,0 мың теңгені құрайды. Осыған қоса, дайын тұрған Жаңақала ауылында 3 қабатты 21 пәтерлік тұрғын үйдің де жобасы бар. Бұл екі жоба да тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдері тапсырылды. Алдағы жылдары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде 8229 шаршы метр тұрғын үй алаңы іске қосылды. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 140,0 пайызға өсіп отыр.

 

Ауыз сумен жабдықтау

Қазіргі уақытта, ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтылу үлесі 82 пайызға жетіп отыр. 2019 жылға ауданның соңғы екі ірі елді мекендері Қырқопа және Қызылоба ауылдарын ауыз сумен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталды. Жобалардың жалпы құны - 986,0 млн теңгені құрайды. Тиісті құжаттары облыстық құрылыс басқармасына қажетті қаражатын бөлуге тапсырылды.

Оның сыртында, Кіші Айдархан ауылын сумен жабдықтау үшін жобалау жұмыстары жүргізілуде.

 

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым

2018 - 2019 жылдары аудан орталығының батыс бетіндегі 1047 учаскені қажетті инфрақұрылыммен қамту үшін бюджеттен қаржылары бөлініп, жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта, тұрғын үйлерін салған азаматтар пайдаланушы ұйым арқылы су, электр, газ желісіне қосылуда.

Тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандық бюджеттен бөлінген 7 180,0 мың теңге қаражатқа 5 жоба жасақталды.

Жаңақала ауылының солтүстік-батыс бөлігінен жер учаскесіне кезекте тұрған 204 адамға жер учаскесін алдағы жылдары беру үшін жобалары жасақталды. Тиісті құжаттамалары басқармаға тапсырылды. Жалпы жоба құны - 278 712,0 мың теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, Жаңақала ауылының батыс бөлігіндегі 7 көшеге 6,2 км асфальт пен 6,5 км тротуар құрылысын салу үшін құны 759 484,0 мың теңгенің жобасы басқармаға тапсырылып, 2020 жылға құрылысын іске асыру үшін облыстық 5 жылдық жоспарға енгізілді.

 

Әлеуметтік нысандар

Әлеуметтік нысан құрылыстары облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Осыған сәйкес, Жаңажол және Мәстексай ауылдарында салынатын 150 орындық залы бар мәдениет үйлерінің құрылыстары биылғы жылға қаражаттың болмауынан іске асырылмай отыр. 2020 жылға Жаңажол ауылындағы мәдениет үйі құрылысын салу ұсынылды.

Сонымен қатар, аудан орталығынан 50 бала демалуға арналған лагерь құрылысының жобасы дайындалуда. Бұл жоба алдағы жылдары іске асырылатын болады.

2018 жылы жобалау сметасы дайындалған Жаңақала ауылындағы 160 көрермен залы бар денешынықтыру кешенінің құрылысы Қарашығанақ Петролейум Оперейтинг б.в. қаржысы есебінен 441 000,0 мың теңгеге құрылысы жүргізілуде.

 

Қала құрылысы құжаттамасын дайындау

Ауданның 27 елді мекені болса, соның ішінде аудан орталығының қала құрылысы құжаттамасы жаңартылған. Қалған ауылдар бұрынғы ескі, өзгерістерге ұшыраған бас жоспарларды пайдалануда. Осыған байланысты 2019 жылға екі елді мекенге Қызылоба және Бірлік ауылдарының бас жоспарлары дайындалып аяқталатын болады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Құрылыс саласы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook Акимата Жангалинского района
Instagram Акимата Жангалинского района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы