Жаңақала аудандық білім беру бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен басқада салаға қатысты заңнамалардың және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және өңірлік бағдарламаларды іске асыру бағытында құрып, жұмыс атқарып келеді.
Ауданның білім беру жүйесін 21 жалпы білім беретін мектеп, 7 балабақша мен 19 мектепке дейінгі шағын орталық, 3 мектептен тыс мекеме, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті құрайды.
21 жалпы білім беретін мектептің 14-і (66,7 пайызы) типтік, 7-і (33,3 пайызы) ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.7 балабақшаның барлығы да типтік ғимараттарда орналасқан.
Жалпы орта білім беретін мектептерінде 740 педагог жұмыс жасайды, оның 604-сы (82%-ы) жоғары білімді, арнаулы орта білімді 136 (18%) педагог. Жалпы орта білім беретін мектептерде 1 педагог-шебер, 71 педагог-зерттеуші, 52 жоғары санатты және 117 педагог-сарапшы, 119 бірінші санатты, 80 педагог-модератор, 128 екінші санатты, 164 педагог санатсыздар қатарында.
Ауданы бойынша 2018 жылдың қыркүйек айында қорғаншылық қамқоршылықтағы бала саны 19 болды, биылғы 2019 жылдың басында 15 бала, күні бүгін 12 бала есепте тұр. Бес бала кәмелет жасына толып, 2 бала (қамқорлыққа алынған) «Балалар үйіне» қайтарылды.
Жоғарыда аталған баланың 5-і жылжымайтын мүлікке құқығы бар, яғни тұрғын үй құқығынын меншік үлесіне ие. Қалған 12 қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалардың бәрі де аудандық тұрғын үй кезегіне қойылған.
2018-2019 оқу жылын 14 жалпы орта білім беретін мектепте арнайы мамандар, яғни 17 педагог-психолог, соның ішінде жоғары санатты – 1, I санатты – 3, II санатты – 4, модератор - 3, санатсыз – 6. 14 әлеуметтік педагог, соның ішінде I санатты – 1, II санатты – 1, санатсыз – 12. 6 мұғалім-дефектолог, II санатты – 1, санатсыз – 5, 1 мұғалім-логопед қызмет атқарды. Аталған оқу жылында 9 ЖОББМ-те 0,5 бірлікте логопункттер ашылып, 5 логопед-мұғалім, мектепке дейінгі ұйымдар бойынша (бөбекжай-балабақша, мектеп-балабақша, шағын орталық) 9 педагог-психолог маман, соның ішінде II санатты – 3, санатсыз – 6 маман мен қоса 1 мұғалім дефектолог қызмет атқарып келеді.
М.Жүнісов ат. ЖОББМ-нде – 1 ТДО, Жаңақала ЖОББМ-нде – 2 ТДО сыныптарында 17 ерекше білім беруді қажет ететін балалар бар. Жаңақала аудандық балалар бөбекжай-бақшасында 1 инклюзивті кабинетте – 9 бала тәрбиеленуде. Жалпы аудан бойынша 0-18 жас аралығында 164 ерекше білім беруді қажет ететін бала (48 мүгедек) болса, соның 20 – МДҰ-да, 84 – жалпы орта білім беретін мектепте, қалған алпысы әр түрлі санаттағы балалар. (кәсіптік білім алу, оқуға жатпайтын, балабақшаға бармағандар т.б.)
Аудан бойынша 2019-2020 оқу жылында мектеп кітапханалары бойынша жалпы кітап қоры 232 311 дана, оның ішінде мектеп оқулықтары 189 479 дана болса көркем әдебиеттер саны 16598 дана сонымен қатар электронды оқулықтар 3889 дана , мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар саны осы оқу жылында 18839 данаға жетті. 2019-2020 оқу жылына жаңартылған білім жүйесіне енгізілген 4,9,10 сыныптарға барлық пәндер бойынша және мектеп алды даярлық топтары мен 1 сыныптарға арналған дәптерлерді сондай-ақ сыныптар бойынша жетіспейтін оқулықтарға қорды толтыру мақсатында оқулықтар сатып алынды. Барлығы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 92 695 288,0 мың теңге қаражатқа 71964 дана оқулықтар мен оқыту әдістемелік құралдар сатып алынды. Жалпы аудан бойынша 1-11 сынып оқушылар 95 пайыз (%) толықтай оқулықтар мен оқыту әдістемелік құралдарымен қамтылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
2019-2020 оқу жылын аудан бойынша 27 мектепке дейінгі ұйым және 21 жалпы білім беретін мектеп, оның 14-і жалпы орта білім, 7-і бастауыш білім беретін, 6 мектеп жанындағы интернат, 3 мектептен тыс мекеме, 1 педагогикалық-психологиялық түзу кабинеттерінің қызмет жасауы арқылы бастағалы отырмыз.
27 мектепке дейінгі ұйымның 7-і балабақша, 1-і «мектеп-балабақша» кешені, 19-і білім беру ұйымдары жанынан құрылған мектепке дейінгі шағын орталықтар. Мектепке дейінгі ұйымның бала саны- 1155.
Мамандардың біліктілігін көтеру, кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша 2018-2019 оқу жылында тәрбиешілер біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Курстан өту бойынша жұмыстар жыл сайын жалғасып отырады. 2017 жылы 13 тәрбиеші, 2018 жылы 23тәрбиеші өз білімдерін жетілдіріп келген болса, 2019 жылы 25 тәрбиеші білімдерін жетілдірді. Жыл сайын тәрбиешілердің білім жетілдіру курсынан өту сапасы да, саны жағынан да өсу байқалып тұр.
Жалпы орта білім беру
Орта білім беру Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабына сәйкес барлық азаматтар үшін тегін әрі міндетті болып табылады. 2019-2020 оқу жылында 21 жалпы білім беретін мектептің 14-і орта, 7-і бастауыш білім беретін мектептер. 14 мектеп типтік ғимараттарда, 7 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Ауданның 21 жалпы орта білім беретін мектебінде оқу жылының басында 3997 оқушы контингенті 304 сынып-комплектісінде басталды. Аудан әкімінің қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысы негізінде 2019 жылы Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы жатақхана мен М.Жүнісов жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы жатақхана таратылды. Қазіргі таңда 4 мектеп жанындағы жатақханада 172 бала тәрбиеленіп жатыр.
2019 жылы Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 700 балаға 4 912 000,0 теңге көлемінде демеушілік көмек ұйымдастырылды, биылғы жылы акция жылдағыдай 1 тамыздан емес, 1 ай бұрын, яғни 1 шілдеден басталып, екі ай мерзімге емес 3 айға созылып отыр. Жылдағы дәстүрді жалғастыра білген білім беру ұйымдары ауылдағы кәсіпкерлер мен шаруа қожалық басшыларының демеушілігі арқасында «Мектепке жол» акциясы нәтижелі жұмыстанып келеді.
2019-2020 оқу жылы 14 орта және 1 бастауыш мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылса, қалған 6 бастауыш мектепте тегін буфеттік тамақ берілді. Ыстық тамақпен қамтылған бала саны – 3010 оқушы, қамту көрсеткіші – 76,6%.
Ыстық тамақты сапалы ұйымдастыру үшін асханалардың материалдық-техникалық базасын жетілдіріп отыру қажет және бұл бағытта бірқатар шаралар атқарылып, биылғы оқу жылында 1 млн 35 мың теңгеге ыдыс-аяқ, асхана құралдары сатып алынды.
Білім беру ұйымдарында азық-түлік өнімдерін сатып алуға 1-4 сынып оқушыларына 78818,0 мың, мектеп жанындағы жатақхана балаларының тамақтарына 23138,0 мың, оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға 28482,0 мың теңге қаржы қаралды.
Білім сапасын арттыру шаралары
21 жалпы білім беретін мектепте оқу І оқу тоқсаны бойынша 3985 оқушы білім алды, мектепалды даярлық топтарында 418 бала тәрбиеленді.
Жалпы 3985 оқушының 597-і оқу озаты, 1104-і оқу екпіндісі, 1757-і орташа оқитындар. Білім сапасы 49%, оқу үлгерімі 100%.
2018-2019 оқу жылы бойынша мектептің бастауыш сатысын 489 оқушы, негізгі орта сатысын (9-сыныптарды) 354 оқушы, жоғары сатысын (11-сыныптарды) 249 түлек бітірді. Жыл бойы мектеп оқушыларының білім сапасының деңгейін арттыру, оларды қорытынды аттестаттауға дайындау шаралары атқарылды.
2019 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге 249 бітірушінің 191-і, яғни 76,6% қатысты.
Ұлттық бірыңғай тестіге қатысушылардың жинаған ұпайларының орташа жинақ балы – 56,2 балл (2018 жылы – 70,13 балл) 13,93 балға төмен. Аудандық орташа көрсеткіштен Жаңақала мектеп-гимназиясы (88 балл), Е.Орақбаев ат. ЖОББМ (55,2), Карманов ЖОББМ-Б (48,8), С.Меңдешев ат. (53,8), Жүнісов ат. ЖОББМ (64,2 балл), Айдархан ЖОББМ (56,6), Пятимар ЖОББМ (51,3) Х.Нұрымғалиев ат. ЖОББМ (61,0), Д.Нұрпейісова ат. ЖОББМ (54), Жаңақала (42,03), Ә.Жангелдин ат. (46), М.Мирманов ат. (53,4), №3 ЖОББҚМ (47,5), Абай ат. (қатысқан жоқ) жалпы орта білім беретін мектептерінің орташа ұпайлары төмен болды
100 және одан жоғары балл жинаған түлектер саны – 8 (4,1 пайызы), 2018 жылы бұл көрсеткіш 17 (9,55 пайызы) бірлікті құрады. Яғни, 2019 жылы 5,45 пайызға төмендеген.
Жоғары оқу орнына түсу үшін 4 пән бойынша жинауға тиісті 50 балдан төмен жинаған түлектер саны – 68, бұл барлық ҰБТ-ға қатысқан түлектің 35,6 пайызын құрайды. 2018 жылы – 16 түлек болған еді.
Биылғы мектеп бітірушілердің «Алтын белгі» белгісіне 9 түлек ие болып, «Ерекше үлгідегі аттестат» 7 түлекке табысталды. Олардың ішінен Е.Орақбаев ЖОББМ-нің түлектері Досмұхамбетова Сәнім, Серікқалиева Зарина, Пятимар ЖОББМ-нен Қойшекенова Дильназ, М.Жүнісов. ЖОББМ-нен Сұлтанғалиева Назерке, Жаңақала мектеп-гимназиясынан Құрамысова Асыл, Саматов Ерасыл №3 ЖОББҚМ-нен Қарасаева Әйгерім, Шайдоллина Ақнұр, Дарханова Диана «Алтын белгі» белгісін иеленіп, өз білімдерін қорытынды аттестаттау нәтижесіне сәйкес 100% қорғады.
Әдістемелік жұмыстар
Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Биылғы оқу жылында республикалық, облыстық білім жетілдіру және қайта даярлау институтында – 295 мұғалім, олардың ішінде өз пәндері бойынша білімдерін жетілдіру үшін - 190, ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілік арттыру курсынан - 105 мұғалім өтті.
Негізгі пәндер бойынша жоспарланған барлық педагогтер уақытында оқытылды. Деңгейлік курстар бойынша қазіргі күнде І деңгейді оқыған 23 мұғалім, ІІ деңгейде оқыған 32 мұғалім, ІІІ деңгейде оқыған 101 мұғалім бар. Басшылық, яғни мектеп директорларының курсы бойынша 14 жалпы орта білім беретін мектеп директорларының 12-сі 9 айлық білім жетілдіру курсынан өтіп, сертификатын алса, 2 директор жаңа оқу жылында білімдерін жетілдіретін болады.
2018-2019 оқу жылы ауданымыздың мұғалімдері аудан көлемінде - 48, облыстық көлемінде – 65, республикалық көлемінде - 5 оқу-әдістемелік, тәжірибе алмасу семинарларына, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Жаңақала аудандық балалар бөбекжайы» облыстық «Табысты білім беру ұйымының замануи моделі» атты байқауына қатысып, «Шығармашыл білім беру ұйымы» номинациясын иеленді. Облыстық «Табысты білім беру ұйымның заманауи моделі» байқауына Кіші Айдархан бастауыш білім беретін мектебі қатысып, (меңгерушісі Г.Кайрлиева) «Шығармашыл білім беру ұйымы» номинациясы бойынша ОББ-ның грамотасымен марапатталды.
Аудандық «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында, бас жүлдені М.Мирманов ат. ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Балешова Шынар Амангелдиевна алды. Аталған сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алған ұстазымыз аудан намысын қорғап, облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды.
Аудандық «Математикалық регата» турнирінің дипломаттары облысқа жолдама алып, құрамында А.Дюсенгалиев (М.Жүнісов ЖОББМ), К.Еспентаева (Жаңақала мектеп-гимназиясы), Е.Карабасов (Жаңақала мектеп-гимназиясы), Г.Садихова (№3 ЖОББҚМ) жүлделі орынмен оралды. Облыстық шығармашылық конкурсына қатысқан М.Жүнісов ЖОББМ математика пәні мұғалімі Дюсенгалиев Арман Акболатович І орынға ие болып, желтоқсан айы Алматы қаласында математика, физика, информатика пәні мұғалімдерінің VII халықаралық шығармашылық конкурсынан ІІ-орынға ие болды.
Информатика пәні мұғалімдерінің бағдарламалау тілдері бойынша облыстық олимпиадасына қатысқан Жаңақала мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі А.Насымбаева ІІІ орын иеленді. Информатика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық «Жас-маман-2019» байқауына Х.Нұрымгалиев ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Қаламиев Жанболат қатысып «Шығармашыл мұғалім» номинациасы бойынша марапатталды. Сәуір айында Орал қаласында облыстық пән мұғалімдері арасында педагогикалық олимпиаданан Ибрашева Айнагуль Жаскаламовна (Жаңақала М-Г) ІІІ орынға ие болды. «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ базасында өткен «Сабақтын үздік контенті» облыстық байқауында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша М.Жүнісов ат.ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Губашева Аида шахабаевна ІІІ орынға ие болған. 2019 жылы Ұстаздар мерекесіне орай волейболдан аудандық «Ұстаздар кубогі» ұйымдастарылды.І орын-№3 ЖОББ қазақ мектебі, ІІ орын-Жаңақала МГ,ІІІ орын-Карманов ЖОББМБ иленді
Дарынды балалармен жұмыс
Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Осы мақсатта аудан педагогтерінің жұмыстануы арқылы бірнеше оқушыларымыз республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде жүлделі І орындарды иеленді.
Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалды дарындылығын анықтау, тану, психология-педагогикалық жетектеу, оқу-танымдық іс- әрекетін, ғылыми білімді насихаттау және балалардың ғылыми жарысқа қызығушылығын ынталандыру мақсатында облыстық «lntel-junior» олимпиадасына 20 мектеп қатысты. Аталған 20 мектептің 4-сыныптарынан 37 оқушы қатысты. Қазақ тілі пәні бойынша І орын Жаңақала МГ-ң оқушысы Марат Дияс (мұғалімі Г.Дюсенгалиева) мен Жаңақала ЖОББМ-нен Тарихова Лина (мұғалімі: А.Уразгалиева), орыс тілі пәні бойынша І орын Плантация БББМ-нен Хамидолла Инабат (мұғалімі: А.Беккайрова), дүниетану пәні І орын М.Жүнісов ат. ЖОББМ-нен Жасқайрат Әбілмансұр (мұғ: М.Кдырова), математика пәні І орын №3 ЖОББҚМ-нен Ерболат Еділ (А.Рахметова), эрудит бөлімінде І орын №3 ЖОББҚМ-нен Базаргали Саят (мұғалімі: Д.Сатыбалдиева). Жалпы ұпай бойынша облыстық кезеңге команда болып №3 ЖОББҚМ-нен Ерболат Еділ (А.Рахметова), Иманбай Жанәди (А.Садыкова), М.Жүнісов ЖОББМ-нен Жасқайрат Әбілмансұр (М.Кдырова), Романқызы Арай (З.Мутиева) қатысты. Жоғарыда аталған мектептің оқушылары облыстық кезеңіне қатысып, гуманитарлық ғылымдар турының жүлдегері ІІІ дәрежелі дипломмен М.Жүнісов ЖОББМ Романқызы Арай (мұғалімі: З.Мутиева), жаратылыстану ғылымдар турының жүлдегері ІІІ дәрежелі дипломмен №3 ЖОББҚМ-нен Ерболат Еділ (А.Рахметова), Алғыс хатпен №3 ЖОББҚМ-нен Иманбай Жанәди (А.Садыкова), сертификатпен М.Жүнісов ЖОБМ-нен Жасқайрат Әбілмансұр (мұғ: М.Кдырова) жетістіктерге жетті.
Облыстық «Бесінші элемент» байқауында аудан намысын қорғаған гимназиялық команда командалық І орын иеленді (пән мұғалімдері Б.Утегалиева, К.Бактыгалиев). Облыстық «Туған жер, экология, мен» байқауында М.Жүнісов ат. ЖОББМ-нен Б.Ғазизов ІІІ орын, Айдархан ЖОББМ-нен А.Бегалиева І орын (пән мұғалімдері: Н.Муфтахова, И.Темирбулатова) иеленді. Облыстық «Тал күні» ақциясы бойынша Айдархан ЖОББМ-нен Қ.Сарсенова І орын (пән мұғалімі: И.Темирбулатова) алды. Облыстық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар форумында Айдархан ЖОББМнің оқушысы Н.Зұлқашева ІІІ орын иеленді (пән мұғалімі: И.Темирбулатова). Облыстық ғылыми-практикалық конференцияда Жаңақала ЖОББМ-нің оқушысы А.Кайырғалиева ІІІ орын иеленсе (пән мұғалімі: А.Бекбулатова), облыстық «Экологиялық патруль» байқауында Жаңақала ЖОББМ-нен қатысқан команда командалық ІІІ орын иеленді (пән мұғалімі: А.Бекбулатова). Облыстық «Күзгі өнімдер» байқауы бойынша Жаңақала мектеп-гимназиясының командасы ІІ орынды иеленді (пән мұғалімі:Л.Тулешова).
Республиалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде №3 ЖОББҚМ-нің 11-сынып оқушысы Е.Құмарғали ІІІ орынға ие болды (пән мұғалімі: А.Ахметкереева). Ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсан күні Жаңақала мектеп-гимназиясының жанында республикалық олимпиадасының аудандық кезіңі өтті. Жалпы орта мектеп бойынша 155 жүлделі орындарға ие болып 24 оқушы облысқа қатысады.
Ә.Кекілбаев шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін эстетикалық талғамдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатындағы ұйымдастырылған республикалық байқаудың облыстық кезіңіне жолдама алған Д.Нұрпейісова ат. ЖОББМ-нің 11-сынып оқушылары Н.Қожантаев, І.Бақитов, О.Нәсіпқалиев, Ә.Габдолов, М.Қанатов, Е.Мырзабаев, Ә.Табылдиева Әбіш шығармаларынан сахналық қойылым қою бағыты бойынша қатынасып, бас жүлде иеленсе, (пән мұғалімі: В.Сапарова) Әбіш өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қатысқан Ә.Жангелдин ат. ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы М.Назимов 200 өлеңді жатқа мәнерлеп оқып бас жүлдеге ие болды. Аталған оқушылар Ақтау қаласына республикалық «Әбіш оқулары» байқауына жолданып, М.Назимов республикалық сайыстан Ә.Кекілбаевтың 200 өлеңін жатқа айтып, 3 орынға ие болып келді. Жәнібек ауданында өткізілген Алаш қозғалысының айбоз ұлы, ақын, ойшыл, журналист «Ғұмар Қараш оқуларының» облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз да мерейімізді асқақтатты. Айдархан ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Д.Дидарқызы (пән мұғалімі: А.Аймағамбетова), Жаңақала ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Е.Ғилымханова (пән мұғалімі: Б.Бактыгулова) ақындық өнерімен, Д.Нұрпейісова ат. ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы А.Абайұлы Ғ.Қараш өлеңдерін жатқа оқудан (пән мұғалімі: К.Төремұратова) Бас жүлде мен І орынға ие болды. Облыстық «М.Мақатаев оқуларына» жолданған Карманов ЖОББМ-Б-ның 9-сынып оқушысы Н.Маратова (пән мұғалімі: М.Саркенова), Республикалық «Қадыр оқуларының» облыстық кезеңіне жолдама алған оқушыларымыз М.Назимов (Ә.Жангелдин ат. ЖОББМ 9-сынып пән мұғалімі: Ш.Ихсанова), А.Махсотова (М.Жүнісов ат. ЖОББМ 10-сынып пән мұғалімі: М.Айтқалиева), А.Садыхов (Айдархан ЖОББМ 11-сынып пән мұғалімі: Ж.Қабашева) жүлделі орындарға ие болып, Ә.Жангелдин ЖОББМ Мерхат Назимов Сырым ауданында өткен ІІ Республикалық «Қадыр оқуларында» ақынның 250-ден астам өлеңін жатқа мәнерлеп оқып ІІ орынға ие болды. Аталған оқушымыз облыстық «Махамбет оқулары» сайысына қатысып, Махамбеттің 100-ге жуық өлеңін мәнерлеп оқып, облыс бойынша І орынға ие болды. Осы сайыстың ақындар мүшәйрасына қатысқан айдархандық Айдос Айболатұлы (пән мұғалімі: Ж.Қабашева) І орынға ие болды. Облыстық «Ақұштап Бақтыгереева оқуларына» жолданған Н.Құрмашев (мәнерлеп оқу) (Ә.Жангелдин ЖОББМ 9-сынып, пән мұғалімі: Ш.Ихсанова) пен І.Бақитов (ақындар мүшәйрасы) (Д.Нұрпейісова ат. ЖОББМ 11-сынып, пән мұғалімі: В.Сапарова) Бас жүлдеге ие болып, ақын апамыздың ақ батасын алды. ХХ облыстық «Абай оқулары» байқауында бақ сынаған оқушыларымыз да жүлдесіз қайтпады. Ә.Жангелдин ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы А.Назимова (пән мұғалімі: Ш.Ихсанова) мәнерлеп оқудан І орын алса, Айдархан ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Д.Дидарқызы жүлделі ІІ орын алды (пән мұғалімі: Ж.Қабашева).
5-11 сыныптар арасынан XV аудандық «Ақ желкен – 2019» өткізіліп, орын алғандар облысқа жолдама алды. 8-10 қазан аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында Жаңақала мектеп-гимназиясы оқушылары Жолдығалиева Манер, Сағынова Жансезім, Тимурұлы Адилхан, №3 ЖОББҚМ оқушысы Мақсотов Алтынбек ІІІ орынға ие болды. 9-11 сынып оқушылары арасында ХІV Облыстық «Апельсин – 2019» физика-техникалық турниріне 13-14 қараша күндері 10 сынып оқушылары Жаңақала мектеп-гимназиясынан Жолдығалиева Манер, Құлмағанбетов Ернар, №3 ЖОББҚМ оқушысы Кухаев Тілек, Жаңақала ЖОББМ оқушысы Бақтығалиев Мерзат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 14-15 қараша күндері 11 сынып оқушылары Жаңақала мектеп-гимназиясы Хангереева Айнагүл, Алтынбеков Азамат, Ғиниятов Нұрсәт, Тимурұлы Әділхандар ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы 28-30 қаңтар күндері болған облыстық «Импульс – 2019» жас зерттеушілер мен өнертапқыштар интеллектуалды турниріне төмендегі 5-8 сынып Жаңақала мектеп-гимназиясы оқушылары Серік Айбек, Өтепқали Махамбет, Тілешов Нұртілек, Мақанова Гүлнұр қатысып, Өтепқали Махамбеттер ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
.Роботтарды құрастыру және бағдарламалау бағытындағы оқушыларды анықтау және қолдау көрсету 2019 жылы 22 ақпан күні «My robot» облыстық байқауына «Кегельринг» категориясы бойынша Жаңақала мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары Өтепқали Махамбет және Ғабдрашид Әбілқайырлар ІІ-орынға ие болды.«My robot» облыстық байқауына қатысып «Smart City» шығармашылық категориясы бойынша №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің 7 сынып оқушысы Болатов Арнұр және Беркін Думандар «Тиімді тұрмыстық шешім» номинациясымен марапатталды. 2019 жылдың 24 сәуір күні Республикалық жаратылыстану-математика бағыты бойынша жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде информатика пәні бойынша Мажитов Нұрдаулет ІІІ-орынға ие болды.
Облыстық «Мектеп лигасы» шағын футболдан ұлдар арасында Жаңақала ЖОББМ-ң оқушылар командасы I орын ие болды. «Үздік ойыншы» 11-сынып оқушысы А.Сатқали иеленді (жет.М.Есимов). Перопавл қаласында өткен республикалық шағын футбол «Ұлттық мектеп лигасы» ойынында Жаңақала ЖОББМ-ң оқушылары командасы III орынға ие болды. (жет.М.Есимов). Орал қаласында өткен облыстық «Sport FEST Kazakhstan» Спартакиадасында футзал ойынында Жаңақала командасы III орынға ие болды. Қыркүйек айында Орал қаласында өткен Президенттік Көп сайыстан Жаңақала ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Бисекешов жүлделі 3 орын алды. Футзалдан Жаңақала ЖОББМ оқушылар облыстық кезеңнен 1 орын алып Республикалық кезеңге қатысып келді. Сондай-ақ мектеп оқушы қыздар командасы аудандық «Ұлттық мектеп лигасын» ұтып, облыстық кезеңде аудан намыс қорғап келді.Еркін күрестен М.Жүнісов ЖОББМ-ің дене шынықтыру пәнінің мұғалім Е.Халиковтың шәкірттері Казталов ауданында өткен облыстық сайыста Бауыржан Ибрахим 1 орын, Сабен Нұртай 3 орын, Мақсат Досжан 2 орын, Рахим Дөнеділ 1 орын иленді.
Жоспарға сәйкес ағымдағы жылыдың қазан-желтоқсан айларында оқушылар арасында спорт түрлерінен аудандық «Мектеп лигасы» оздырылды. Лига жеңімпаздары облыстық «Мектеп лигасы»жарысына қатысып келді. 7-8сынып оқушылары (ұлдар) футзалдан 2 орын иленді, сондай-ақ 9-11 сынып оқушылары 3 орын алды жетекшілері Рустам Русланұлы, Әділғали Елуғалиұлы. Қазақ күресінен Айбек Миразатұлының шәкірттері ашық аудандық, облыстық, Республикалық турнирлеге қатысып жүлделі орын иленді. Еслямғали Елуғалиұлы қазақ күресінен аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, Казталов ауданы Жалапақтал ауылында өткен қазақ күресінен шәкірттері жеңімпаз атанып , жалпы командалық есепте 1 орын алды. Қайрушев Темірлан, Жолдыбаев Әділғали, Демеуов Мерхан волейболдан Шыңғырлау, Бөрлі, Ақжайық аудандарының әкім кубогына қатысып, жеңімпаз және жүлдегер атанды. 2019-2020 оқу жылында «Жас сарбаз» сыныбы Жаңақала ЖОББМ-де ашу жоспарланған. Сыныптың жабдықталуына және «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілерінің киіміне 1300000 тг. бюджеттік өтінім жасақталған. «Жас сарбаз» сыныбы сол мектепте ашылды.Ата-аналармен жұмыс жүргізілуде.Ағымдағы жылдың 24-25 қазан күні Орал қаласында «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында VІ облыстық «Оқусыз білім жоқ – 2019» («Чтение как увлекательное занятие-2019») зияткерлік лингвистикалық турнирі өтті. Турнир қортындысы бойынша А.С.Пушкиннің шығармашылығы бойша тест орындау турінде 11 сынып оқушысы Сырымова Аяжан ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жалпы команда бойынша белсенді қатынасқаны үшін Алғыс хатқа ие болды.
Тәрбие жұмысы. Оқушыларды мектептен тыс тәрбиемен қамту.
Ауданның білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады. Барлық мектептерде тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын» іске асыру бағытында, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығы) құрылған. Оқушылар мен жасөспірімдердің «Жас Ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар ұйымы, сонымен қатар, «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға арналған, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік шараларына, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты республикалық акциялар мен шаралардың жүруіне атсалысады. Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар комиеттері жұмыс жасайды. Олардың жұмысының ең бірінші мақсаты – ауылдағы әлеуметтік осал топтардағы балаларға көмек беру, жан-жақты қолдау көрсету, отбасы тәрбиесінің үздік үлгілерін насихаттау, діни экстремизмге, терроризмге, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы күрес шараларының жүруіне атсалысу болып табылады. «Алтын ұя» облыстық байқауына Айдархан ЖОББМ қатысқан Сахметовтер отбасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 25-26 сәуір күндері Жаңақала мектеп-гимназиясы базасында «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» атты білім беру ұйымдарының арасында облыстық байқау өткізіліп, әр ауданнан және қала мектептерінен 14 команда қатысқан сайыста М.Мирманов жалпы орта білім беретін мектебінің командасы «Үздік ұлттық құндылықтарды насихаттаушы» номинациясымен марапатталды.
Ауданда 3 қосымша білім беру ұйымы бар. онда жоғары білімді - 57, арнаулы орта - 14, кәсіби біліммен – 1 педагог қызмет етеді. Жоғары санатты - 3, I санатты -17, II санатты - 22, санатсыз – 29 педагог. Жалпы қосымша білім беру ұйымдарына аудан мектептерінен 1343 оқушы қамтылып отыр. Қамту пайызы - 34 %. Жеткен жетістіктері - халықаралық байқаулардан 8 орын, республикалық байқаулардан 154, аймақтық 2 орын, облыстық байқаулардан 39 орын, аудандық 28 астам жүлделі орындарға ие болды.
Жазғы демалыс. 2019 жылғы жазғы кезеңде аудан мектептерінің оқушыларын жазғы демалту шараларымен қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы шаралар іске асырылды. Бұл жөнінде Жаңақала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы №58 «Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысы шығарылып, комиссия құрылды. Жазғы сауықтыру лагерьлерін ұйымдастыруға 5 млн. 048,0 мың теңге қаралды.
Қазіргі таңда жазғы демалыспен 3607 бала қамтылды, бұл барлық қамтылуға тиісті 3859 баланың 93,5 пайызын кұрайды.
Сонын ішінде:
Мектеп жанындағы лагерьлерде -1200 бала;
Шатырлы лагерьде -216 бала;
Аудандық лагерьде - 250 бала;
Облыстық деңгейдегі лагерьлерде -17 бала және 2 ата-ана;
Республикалық деңгейдегі лагерьлерге -24 бала.
Италия жағалауындағы Чезенатико қаласындағы халықаралық жазғы демалыс лагерінде - 2 бала. Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1941 бала мектеп жанындағы көгалдандыру жұмысына тартылды. 60 бала туристік-өлкетану саяхаттарына барды. 140 бала көршілес орналасқан Бөкей ордасы ауданына барып, мұражайлармен танысып, саяхаттап келді.
Білім саласын қаржыландыру
2019 жылғы білім берудің бюджеті 2 млрд. 637 млн. 383 мың. теңгені құрады, соның ішінде 619 млн. 835 мың. теңге республикалық трансферт.
2 млрд. 063 млн. 261 мың. теңге жалақы қоры және әлеуметтік төлемдері құрайды, 267 млн. 595 мың. теңге материалдық-техникалық базаны нығайтуға, 25 млн. 256 мың. теңге жаппай оқумен қамту қорына бөлінді.
Қазіргі уақытта аудан орталығындағы 21 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. оның 10-ы сым желілері арқылы, 11-і шектеулі трафикпен спутниктік байланыс арқылы қосылған.
Жаңақала ауданы бойынша 20 мектеп онлайн 1 мектеп оффлайн режимінде Bilimland.kz білім беру порталында жұмыс атқарып отыр. Білім беру ұйымдарында бағалау жүйесін онлайн түрге көшіру, мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы қарым-қатынастың заманауи әдістеріне қол жеткізу мақсатында 2018-2019 оқу жылында ауданның 14 мектебі Kundelik.kz электронды журналына қосылды. Ауданның 8 мектебінде және аудандық білім беру бөлімінде білім беру саласының жаңалықтарымен бөлісіп отыратын сайттар жұмыс жасайды. Жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғасуда: 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен 3 млн. 469 мың теңге қаржы бөлініп, 5 мектепте 10 мультимедиялық кабинет ашылды. Шалғай орналасқан мектептерде интернет желісінің жылдамдығын жақсарту мақсатында «ASTEL» АҚ келісім шарт жасалып жұмыс жасауда.
Ағымдағы жылы Қырқопа, Бірлік, Қызылоба ауыл округтерінде жергілікті бюджет есебінен 25663,0 мың теңгеге спорт алаңдары салынды.
Үстіміздегі жылда Жаңақала мектеп –гимназиясына каркасты бассейн 621,0 мың теңгеге сатып алынды.
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп - ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне жергілікті бюджет есебінен – 4243,0 мың теңге қаралып жұмыс жасалуда.
12 жылдық білім беру моделіне көшу кезеңінде мектептерде санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін дамытушы мектеп жиһаздарының жетіспеу мәселесі осы күнге дейін орын алып отыр.
Жаңа міндеттер:
1. Білім беру бөлімінің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру, білім беру жүйесі жағдайына мониторингінің негізінде оның жетілдірілу және жаңару үрдісіне басшылық ету.
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жаңа білім беру стандарттарына көшу үрдісіне тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
3. Балаларға мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру саласында сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік туғызатын тиімді механизмдерді жасау.
4. Білім беру сапасына баға беру жүйесін жетілдіру.
5. Мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісін дамыту және мектепке дейінгі білім берудің альтернативті формаларын енгізу арқылы мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
6. Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жағдай жасау.
7. Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім лауазымының беделін арттыру.
8. Дамуында тежелеуі бар балаларға білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету.
9. Панасыздықты, қараусыздықты, әлеуметтік жетімділікті болдырмау және жетім, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды отбасына орналастыруды үйлестіру.
10. Балалардың оқуы үшін жайлы жағдайлар жасауға білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
11. Ең жақсы білім беру мекемелерін, мектеп мұғалімдерін, талантты және дарынды балалар мен жастарды қолдау жүйесін дамыту.
12. Білім беру мекемелерінің ақпараттық жайдарылығын және бұқаралық есептілігінің түрлі формаларын дамыту.