Биылғы жылы жалпы аудан бойынша 763 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, оның ішінде І топ мүгедегі - 72 адам, ІІ топ мүгедегі - 169 адам, ІІІ топ мүгедегі - 253 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны - 90 адам және 18 жастан асқан бала кезден мүгедектер - 179 адам.
«Капустин Яр» және «Азғыр» әскери сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен, полигондармен шектесетін аумақтарда тұратын мүгедектерге көрсетілетін көмектер тоқтатылмай, жергілікті бюджет есебінен ай сайын әлеуметтік төлемдер төленіп келеді. 2020 жылдың 1 мамыр айына дейін 1164 адамға жергілікті бюджет есебінен 28121,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Соның ішінде 2 ҰОС ардагеріне 2000,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған мүгедектердің жолдастарына 6 адамға 180,0 мың теңге, Чернобыль АС апатына қатысушыларына 7 адамға 350,0 мың теңге, ауған соғысының қатысушыларына 7 адамға 350,0 теңге, тылда болғандарды тыл ордені медальімен марапатталғандарға 2 адамға 60,0 мың теңге, 6 айдан жоғары тылда еңбек еткендерге 160 адамға 4800,0 мың теңге, ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендерге 2 адамға 150,0 теңге, бейбіт кезде қайтыс болған отбасыларына 7 адамға 140,0 теңге, онкологиялық аурулары бар 109 адамға 4 334,0 теңге, туберкулез ауруымен ауыратындарға 29 адамға 1 153,0 мың теңге, гемодиализ ауруымен ауратын мүгедектерге жол ақыға 1 адамға 132,5 мың теңге, 90 жасқа толғандарға 3 адамға 159,0 мың теңге төленсе, «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен, полигондармен шектесетін аумақтарда тұратын мүгедектерге көрсетілетін көмектер тоқтатылмай, жергілікті бюджет есебінен ай сайын әлеуметтік төлемдер: 18 жасқа дейінгі 90 мүгедек балаларға 1888,4 мың теңге, 176 бала жасынан мүгедектерге 3676,8 мың теңге, 71 І топ мүгедектеріне 1 506,6 мың теңге, 168 ІІ топ мүгедектеріне 2 673,8 мың теңге, 249 ІІІ топ мүгедектеріне 2 609,5 мың теңге, Санаторлық курорттық емделуге материалдық көмекке 82,1 мың теңге 1 адамға, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 106,0 мың теңге 2 адамға, ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге коммуналдық қызметтерге 699,7 мың теңге 33 адамға, табысын есепке алып материалдық көмекке 530,1 мың теңге 25 адамға, жерлеуге 53,0 мың теңге 2 адамға көмек көрсетілді.
2020 жылдың 21 ақпанынан бастап 55 І топ мүгедегіне «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Орал» корпоративтік қоры арқылы келісім шарт негізінде 55 жеке көмекші қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ, жоғары аталған корпоративтік қор арқылы І топ мүгедектері мен мүгедек балаларға «Инватакси» қызметі де көрсетіліп отыр.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде, Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілген болатын. Осы портал арқылы мүгедек жандарға 5 қызмет түрі көрсетіледі. Енді осы қызметтерге жеке - жеке тоқтала кетсек:
Осы процестердің ішінен әлеуметтік қызметтер порталы биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 процестің 2 процесі бойынша қызмет көрсете бастады.
Бұл дегеніміз - әр мүгедекке жасақталған жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, берілетін техникалық құралдар мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді өз бетінше порталдан таңдап ала алады. Бұл үшін әр мүгедектің электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦП) болуы қажет. Қазіргі уақытта осы 24 техникалық құралдарды алу үшін 37 мүгедек электронды цифрлы қолтаңбасын (ЭЦП) алды.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету үшін белгіленген санаттағы адамдарға соның ішінде 688 І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне 2 АЕК, яғни 5567 теңгеден, 84 мүгедек балаларға 5567 теңгеден және 84 оларды асырап бағушы қамқоршысына 5567 теңгеден, барлығы 4 704 115 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
Осы төтенше жағдай кезінде аудан бойынша аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты қарияларға, сондай-ақ І топ мүгедектерінің жеке көмекшілеріне демеушілер арқылы 544 мың теңге көлемінде азық-түлік пакеті, тұрмыстық жиынтықтарға (маска, антисептик, перчатка) әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Жаңақала ауданы бойынша 2020 жыл басынан Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 267 отбасына (1346 адам, оның ішінде 934 бала) тағайындалып, қаңтар-наурыз айларына 31 645, 6мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға КӘП (Кепілдендірілген әлеуметтік пакет) берілді. Жаңақала ауданы бойынша 1-3 жас аралығындағы 136 балаға және 3-6 жас аралығындағы 188 балаға гигиеналық құралдар мен қаңтар – наурыз айларының азық-түлік жинағы толықтай ұсынылды. Берілген КӘП (Кепілдендірілген әлеуметтік пакет) бағасы 6 012,3 мың теңгені құрады.
Тұрғын үй көмегіне жыл басынан 42 отбасы (147 адам, соның ішінде 80 бала) құжат тапсырып, коммуналдық қызметтерге (жылу жүйесіне, электр қуатына, ауыз суға) 2 735,7 мың теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді. Соның ішінде табиғи газ – 99,0 мың теңге, электр қуатына – 40,0 мың теңге, ауыз суға – 15,4 мың теңге және күрделі жөндеуден өткен үй төбелеріне –2 581,3 мың теңге төленді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде азық-түлік пен тұрмыстық жиынтық атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар есебінде тұрған азаматтарға, барлық топтағы мүгедектермен мүгедекті күтушілерге берілетінін атап айтқан болатын.Жиынтықты топтама түрінде немесе ақшалай берілу қажет. Жиынтық құны – 5567 (екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде)теңгені құрайды. Жаңақала ауданы бойынша аталған көмекті тездетіп халыққа жеткізу мақсатында және де адами қарым-қатынасты, көпшілік топтасуды болдырмау мақсатынды қаржылай түрде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі 507 балаға2 822,4 мың теңге, ресми тіркелген 591жұмыссыз азаматтарға 3 290,0 мың теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы орташа кіріс пен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (2020 жылдың 4 тоқсаны бойынша кедейлік шегі 22 432 теңге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.
АӘК мыналарға тағайындалмайды:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы (22 432 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);
2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;
3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;
5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес.
4 баптың 1-тармағы.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.
Отбасының құрамына:
1) Толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдар;
2) Мерзімді әскери қызметтегі адамдар
3) Бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.