Жалпы ақпарат
Өмірәлиев Мұрат Амангелдіұлы
Шыңғырлау ауданының әкімі
Аудан туралы
Шыңғырлау ауданы Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы - 7,2 мың шаршы шақырым. Аудан тұрғындарының саны 13 916 адамды құрайды.
Ауданның орталығы - Шыңғырлау селосы. Ауданда екі шекара өткізу бекеті орналасқан. Ауданның бір аумағы Ресей Федерациясымен шекараласқан. Елек өзенінің жалпақтығы 10 метр, ауданды Ресей Федерациясының, Орынбор облысының, Елек және Тұз-төбе аудандарын бөліп тұр.
Аудан құрамына 8 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Алмаз, Ақбұлақ, Ащысай, Ақтау, Ақшат, Ардақ, Қарағаш, Шыңғырлау ауылдық округтері кіреді.