
Бүгінгі таңда Шыңғырлау ауданының жалпы жер көлемі 722 мың гектарды құрайды. Қазіргі таңда 420 мыңнан астам гектар аумақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, елді-мекендердің жерлері – 123 мың гектар, қалған 179 мың гектар басқа да жерлер болып табылады.
Осыған байланысты 2023 жылы жалпы көлемі 29 мың гектар (20 мың 715 егістік, 200 шабындық, 8 мың 630 жайылым) құрайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жерге орналастыру жобалары жасақталып, 12 конкурс өткізу жоспарланды. Бүгінгі күнге барлық конкурс жоспарға сәйкес өткізіліп, 104 шаруа құрылымдарына 29 мың гектар жер учаскелері берілді. Нәтижесінде 36 жаңа шаруа құрылымдары ашылды.
Сонымен қатар, коммерциалық мақсатта жер учаскелерін беру бойынша 7 аукцион өткізілді. Аукцион нәтижесі бойынша 10 жер учаскелері 511 теңгеге сатылып, сәйкесінше аудан бюджетіне қаражат түсті.