
Шыңғырлау ауданы бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 344 шақырымды құрайды. Соның ішінде: республикалық жолдар – 29 шақырым, облыстық жолдар – 39 шақырым, аудандық жолдар – 275,9 шақырым.
2022 жылы аудан аумағындағы көлік жолдарын жөңдеу үшін нақты мердігер ұйымдар жеңімпаз болып анықталып, 10 нысанда жөндеу басталған еді. Ол жобалар бойынша қысқаша тоқталып өтсем:
1) Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай аудандық маңызы бар автокөлік жолының жөндеу жобасы. Қазіргі таңда аталмыш жолда жалпы үзындығы 49,4 шақырым құрайтын 4 жоба (12,6-17; 17-32; 32-47; 73-88) бойынша жұмыстар жүргізіліп, 33,6 шақырым жолға асфальт жабындысы төселді.
2) Сонымен қатар, Сегізсай (5 км) және Алмаз (10 км) ауылдарының кіре беріс жолдарында толықтай жұмыстар аяқталып отыр.
Өздеріңізге мәлім, аудан орталығы Шыңғырлау ауылында ауыл ішілік жолдарға жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Бүгінгі күнге 19 көшеде толықтай асфальт жабындысы төселініп, қазіргі таңда жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. (Қазақстан, Датов, Көкжайлау, Ақсай, Молдағұлова, Рахимова, Есқалиев, Қонақай, Бесчасов, Жуков, Казимов, Тың игерушілер, Победа, Гагарин, Өтемісов, Хамитов, Маметова, Мұратбаев, Амангелді көшелерінің автокөлік жолы. Бұл көшелердің жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер - «Ануш-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)
Жалпы жоғарыда аталған аудан орталығының 19 көшесінің көлік жолдарына күрделі жөңдеу жұмыстар кезінде 17 шақырымына асфальт жабыны төселінді. Бұл Шыңғырлау ауылының асфальт жабыны төселінген көлік жолдарының 39 пайыздан 71 пайызға дейін артқанын атап өткім келеді.