Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы

2024 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша ірі қара малы – 51 мың 771 бас, ұсақ мүйізді мал – 54 мың 902 бас, жылқы малы – 10 мың 864 бас болса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ірі қара – 13,3 пайызға, ұсақ мүйізді мал – 33,2 пайызға, жылқы малы – 10,8 пайызға өсіп отыр.

Аудан бойынша 492 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері тіркелсе, оларда 580 жұмысшы заңды түрде тіркелген. Жұмысшыларды уақытылы заңды тіркеу бойынша тауар өндірушілермен ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.

Ауданымызда асыл тұқымды мал өсірумен 34 шаруашылықтар айналысуда. Соның ішінде, асыл тұқымды етті бағыттағы ірі қара малын өсірумен 29 шаруашылық айналысады, оларда 5 мың 599 бас тіркелген. Асыл тұқымды ірі қара мал басымен айналысатын ірі шаруашылықтар - "Erganat Group", "Логистик Премиум", KH «Almaz», "RizyQ Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, "Ақсуат", «Асқар», «Байкатов», "Аль Фараби", "Арман" шаруа қожалықтары.

Асыл тұқымды қой өсірумен 5 шаруашылық айналысады, оларда барлығы 2 мың 721 бас тіркелген. Асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналасатын ірі қожалықтар - "Бердібай Бекзат", "Бекманов", «Жайдар», «Басурманов» шаруа қожалықтары мен"Erganat Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Аудан бойынша мал тұқымын асылдандыру бағытында мемлекет тарапынан осы жылы 166 шаруа қожалықтарына - 465 млн  552 мың теңге көлемінде субсидия төленді. Ал, жаңа техника сатып алу үшін ағымдағы жылы субсидия соммасы - 245 млн  теңгені құрады.

Аудан бойынша 8 ауылдық округтерде 46 мал қыстақтары бар, қыстақтар электроэнергия, жанар-жағармай, техника, отын-су қорларымен және байланыс желісімен толық қамтылған.

Жыл басынан бері  аудан шаруалары 45 дана трактор, 1 комбайн және 31 дана басқа да ауыл шаруашылық техникаларын сатыпалды. 2024 жылы шалғайдағыжайылымдарға «АмангелдіАгро» жауапкершілігішектеулісеріктестігі «Оқас», «Ақсуат», «Бек», «Темірлан», «Елес», электробақташы құрылғысын іске қосты.

Аудан бойынша 2024-2025жылдардағы мал қыстағына  126 мың  тонна шөпдайындаужоспарланды. Қазіргі таңда 136,1 мың  тонна  шөпжиналып, жоспар – 108 пайызға орындалды.

2024 жылы аудан бойынша бір рулон шөптің орташа бағасы 4,0 мың теңгені құрады.

 Аудан бойынша егістік көлемі 39 мың 522 гектарды құрайды. Соның ішінде:

  • 7 мың 228 гектар - дәнді дақылдар (с.і. 2023жылдың күзінде себілген 1525 гектар күздік дақылдар);
  • 4 мың 291 гектар – майлы дақылдар;
  • 4 мың 364 гектар - мал азықтық дақылдар – (біржылдық шөптер – 690 гектар, көп жылдық шөптер – 3 674 гектар);
  • картоп, көкөніс, бақшадақылдары – 45,6 гектар;
  • өткенжылдарысебілгенкөпжылдықшөптер - 23 мың 593 гектар.

2024 жылы 7 мың148 гектар  дәнді дақылдар жиналып, орташа өнімділігі – 24,3 ц/гектарды құрады. Бұлжинауғажататынжалпыалаңның – 100пайызын құрайды. Жалпы алынған өнім 16,8 мың тонна. Жасымық --80 гектар, орташа өнімділігі 7,5 ц/га, 62 тонна өнім жиналды.

Ал, майлы дақылдардың - 4 мың 291 гектар жиналып, орташа өнімділігі 10,9 ц/гектарды құрады. Бұл жинауға жататын жалпы алаңның – 100 пайызын құрайды. Жалпы алынған өнім 4,7 мың тонн.

2025 жылдың өніміне 2509 гектар жерге күздік дәнді дақылдар егілді с.і. күздік бидай – 2224 гектар, күздік қара бидай -285 гектар. Жоспар 100%-ға орындалды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылығы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Аппарат акима Чингирлауского района
Аппарат акима Чингирлауского района

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы