Индер ауданы - Атырау облысының солтүстігінде, Каспий маңы ойпатының орта тұсында, Жайық өзенінің екі жағалауын бойлай орналасқан. Ауданның жер көлемі - 10,9 мың км2.
Аудан аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 95 км, ал батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 210 км. Ауданды екіге бөліп жатқан Жайық өзенінің батыс жағы, негізінен жазық құмды шөл болып келеді, ал шығыс жағы үстіртті.
Орталығы - Индербор кенті. Құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімшілік округі және оларға қарасты 14 ауыл бар.