"Көктем " шағын ауданында жаңа тұрғын үй құрылысы жүргізілуде
О проекте
Бұл жоба тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Көктем шағын ауданы, 11 учаскеде көлемі 35 га болатын жер телімінен 5 қабатты 80 пәтерлік бір тұрғын үйдің және 4 қабатты 48 пәтерлік төрт тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, болашақта бұл жерде 5 қабатты 80 пәтерлік он тұрғын үй, 5 қабатты 40 пәтерлік төрт тұрғын үй, 3 қабатты 60 пәтерлік бір тұрғын үй бой көтереді. Бұдан бөлек, аталған аумақта мектеп, балабақша және денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу да көзделген.