БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН «КӨБІК FEST» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ
Бүгін, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Индербор кентінде балаларға арналған «Көбік FEST» мерекелік кеші өтті.
Мерекелік шара Қонаев және З. Қабдешов көшелерінде ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында арнайы көбік шоуы ұйымдастырылып, балаларға көбік пен су шашылып, жаздың ыстық күнінде ерекше мерекелік атмосфера қалыптасты.
Сондай-ақ, көңілді әуендер шырқалып, балалар түрлі ойындарға қатысып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Ата-аналар да балаларымен бірге мерекелік кештің қызығын бөлісіп, жарқын сәттердің куәсі болды.
Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі
