АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланған күні: 07 тамыз 2025
АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ  БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

 

Аудан басшысы Серік Нсанбаев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-пікірін тыңдады.

 

Қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі баспанамен қамту , көп қабатты тұрғын үйдің шатырын ауыстыру және жұмыспен қамту сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.

 

Тұрғындармен кездесуге жауапты бөлім басшылары қатысты. Аудан әкімі жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін тиісті сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында сұрақтарына жауап берді.

 

Баспанамен қамту тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес жүргізіледі, сол себепті, кезектілікке тұру арқылы баспаналы бола алатындарын түсіндірді. 

 

Айта кетейік, аудан әкімінің қабылдауына 2-12-74 нөмірі бойынша жазылуға болады.

 

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі