Агенттік Басқармасының кейбір қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Агенттік Басқармасының кейбір қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Агенттік «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін қабылданған Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген ережелерін нақтылау және жетілдіру мақсатында әзірленді.

Жоба қаржы ұйымдарының тәуекел бейінін ескере отырып, өзге ақпаратқа аудит жүргізуге қойылатын талаптарды жетілдіруге бағытталған, бұл аудиторлық рәсімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, ішкі бақылау жүйесін нығайтуға және операциялық тәуекелдерді төмендетуге, сондай-ақ банктердің ірі инвестициялық жобаларды кредиттеу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми сайтынан танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz