Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының цифрлық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту қағидаларын, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну жағдайларын, тәртібін, мерзімдері мен форматтарын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Құжат Агенттіктің екінші деңгейдегі банктерге жіберетін реттеушілік сұратуларын цифрландыру үшін деректер витриналары құралын енгізуге, сондай-ақ Агенттіктің қадағалау функцияларын жүзеге асыруы және тәуекелдерді ерте анықтауы үшін қажетті деректерге қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл құралды енгізу Агенттіктің егжей-тегжейлі деректерді стандартталған электрондық форматта бірыңғай қорғалған арна арқылы алуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ банктердің гранулярлық (егжей-тегжейлі) деректерін нақты уақытқа жақын режимде (Real Time Supervision) талдау негізінде жүйелік және жеке тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл жаңашылдық Агенттік қадағалау мақсаттары үшін пайдаланатын деректердің сапасы мен салыстырмалылығын арттыруға және заманауи талдамалық құралдар мен SupTech (Supervisory Technology) тәсілдерін қолдану үшін технологиялық негіз құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы