«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобасы
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38310 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару саясаты мен рәсімдерінің толық және тиімді болуын қоса алғанда, алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігі;
17) алаяқтық пен құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін сәйкестендіру, бағалау, мониторингтеу және бақылау тиімділігі, сондай-ақ алаяқтық пен құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерінің тізілімін қалыптастырудың толық болуы;
18) алаяқтық пен құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін бағалау тәсілдерінің, әдістері мен модельдерінің барабарлығы мен тиімділігі, олардың банк операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкестігі, сондай-ақ алаяқтық пен құқыққа қарсы оқыс оқиғалардың жаңа схемаларына бейімделуі;
19) алаяқтық немесе құқыққа қарсы оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операцияларды анықтау, сондай-ақ клиенттердің, қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың іс-қимылына мониторинг жүргізу процестерінің тиімділігі;
20) күмәнді белсенділікті анықтаудың автоматтандырылған сценарийлерін, модельдері мен қағидаларын қолдануды, сондай-ақ қызмет көрсетудің цифрлық арналарындағы операциялардың мониторингтеуді қоса алғанда, антифрод-жүйенің жұмыс істеу тиімділігі;
21) алаяқтық немесе құқыққа қарсы оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операциялар туралы мәліметтерді берудің толық, уақтылы және дұрыс болуын қоса алғанда, банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылының тиімділігі;
22) сессиялық антифродты және клиенттерге тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануды қоса алғанда, электрондық қызмет көрсету арналары арқылы қаржылық қызметтерді ұсыну кезінде алаяқтықты болдырмау тетіктерінің тиімділігі;
23) алаяқтық және құқыққа қарсы тосын оқиғалар тәуекелдері бойынша басқарушылық есептілікті қалыптастырудың, сондай-ақ оны банктің басқару органдарына ұсынудың толық және уақтылы болуы;
24) алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін барынша азайту бойынша банк қабылдайтын шаралардың барабар және жеткілікті болуы;
25) банк көрсететін қызметтердің, өнімдердің және оларды ұсыну тәсілдерінің алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдеріне осалдығы.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарда:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару жүйесінің кемшіліктері, антифрод-бақылаулардың тиімсіздігі не банктер мен Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыруға қойылатын талаптардың сақталмауы туралы куәландыратын мән-жайлардың болуы.»;
2. «Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерде, олардың шекті мәндеріне және есеп айырысу әдістемелерінде:
62-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасының он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«банктің кепілге қабылдаған акцияларының немесе тау-кен металлургия саласында, жер қойнауын пайдалану саласында операцияларды жүзеге асыратын ірі өнеркәсіп кәсіпорны (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қатты, сұйық пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру, сондай-ақ оларды қайта өңдеу және түпкілікті өнім өндіру бойынша) болып табылатын заңды тұлғаның не тау-кен металлургия саласында, жер қойнауын пайдалану саласында операцияларды жүзеге асыратын ірі өнеркәсіп кәсіпорны (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қатты, сұйық пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру бойынша, оларды қайта өңдеу және түпкілікті өнімді өндіру бойынша, сондай-ақ өндірісті оқшаулауға және дайын өнімді импортты алмастыруға ықпал ететін кәсіпорындар) (жарғылық капиталға қазақстандық меншік иелерінің қатысу үлесі кемінде 40%-ды құрайды) болып табылатын тұлға кіретін тұлғалар тобына кіретін заңды тұлға жарғылық капиталына қатысу үлестерінің құны, мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған жағдайда:
Қазақстан Республикасының аумағында осындай заңды тұлға кіретін адамдар тобы қызметкерлерінің жалпы саны кемінде 40 000 (қырық мың) адамды құрайды;
Ұлттық Банкке осындай заңды тұлға кіретін тұлғалар тобын сатудан түскен түсіммен бірге жалпы түсім жылына кемінде 1 (бір) триллион теңгені құрайды;».
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
42
28 қазан 2026 15:37
28 қазан 2026