«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының әзірледі.
Қаулы «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 23 шілдедегі Заңдарын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобада терминологияны Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру, Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің әртүрлі ережелеріндегі қолданыстағы талаптарды оңтайландыру, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштері бойынша есептілікті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында Агенттіктің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Жоба қаржы ұйымдарының қызметіне жаңа талаптар белгілеуді көздемейді.
Қаулы толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы