«Об утверждении Правил исчисления ставок вознаграждения в достоверном, годовом, эффективном, сопоставимом исчислении (реальной стоимости) по банковским займам, микрокредитам и вкладам»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк қарыздары, микрокредиттер және салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (нақты құндағы) сыйақы ставкаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Жоба сыйақының жылдық тиімді ставкасын есептеу тәртібін, сондай-ақ бұрын белгіленген талаптарды ретке келтіру жолымен банктік қарыздар, микрокредиттер және салымдар бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасын есептеу әдістерін оңтайландырады.
Жоба банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілген ұйымдардың қаржылық қызметтерді тұтынушылармен жасасатын банктік қарыз және микрокредит шарттарында жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшерін көрсету қажеттілігі бөлігінде қызметіне бағытталған.
Жоба қаржылық қызметтерді тұтынушылардың, оның ішінде банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғайды.
Жобада жоғарыда көрсетілген қаржы ұйымдарының қызметіне жаңа талаптар белгілеу көзделмеген.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы