«Қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымын қарау қағидаларын бекіту туралы»

«Қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және  микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымын қарау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және  микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жолданымын қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулысының әзірледі.

Қаулы «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 23 шілдедегі Заңдарын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Жоба мыналарды көздейді:

1) қарыз алушылардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау тәртібімен қолданыстағы талаптарды оңтайландыру және жетілдіру;

2) терминологияны Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру;

3) ұжымдық реттеуге жататын қарыздар тізбесін кеңейту, сондай-ақ ұжымдық реттеу рәсімі шеңберінде қарыз алушының, кредиторлардың және қаржы омбудсманының өзара іс-қимыл жасау тәртібін жетілдіру.

Осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеу Қазақстан Республикасының Премьер-министрi - Үкiмет Аппаратының Басшысы О.Бектеновтың тапсырмасын орындау үшiн жүзеге асырылды.

Қаулы толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz