Жиі қойылатын сұрақтар
Банк омбудсманының мекенжайы: 050013, Алматы қ., Айманов к-сі, 124, офис 301, телефоны: +7 (727) 983-30-16, +7 (708) 983-30-16; E-mail: office@bank-ombudsman.kz
Жоқ, клиенттің деректеріне оның көрсететін қызметтерінің шеңберінде клиенттің келісімімен ғана қол жеткізуге болады. Ұсынылған келісімдерді есепке алуды Оператор орталықтандырылған түрде жүргізеді. Клиент кез келген уақытта оларға берілген келісімдер тізімін көріп, қажет болған жағдайда келісімді қайтарып алу мүмкіндігіне ие болады. Деректерге қол жеткізу клиенттің келісімімен келісімді тіркеу кезінде берілген токендермен айқындалады. Деректерді әрбір сұрату кезінде токендердің тексерілуі қамтамасыз етіледі.
Деректерді қорғау үшін идентификаттау және бірдейлендіруге арналған OAUTH 2.0, JWT (JSON Web Token) қол жеткізу кілттерінің стандарты, TLS деректер таратудың криптографиялық хаттамасы сияқты бірқатар технологиялар мен стандарттарды пайдалану және деректер таратудың арнайы бөлінген арналарын пайдалану көзделген. Аталған тәсіл берілетін деректер мен жасалатын операциялардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Кредиттік тарихты «Мемлекеттік кредиттік бюродан» (mkb.kz) немесе «Бірінші кредиттік бюрода» (1cb.kz) алуға болады. Жеке куәлігіңізді не заңды тұлғаның құжаттарын көрсету арқылы, сонымен қатар ЭЦҚ көмегімен де қол жетімді.
- Egov.kz порталы. Дербес кредиттік есепті электрондық үкімет порталының «Салықтар мен қаржы» бөлімінен аласыз. Өтінімді интернет арқылы толтырыңыз, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қойыңыз, нәтижесін «Жеке кабинетте» көре аласыз
- ХҚО-да. Кредиттік есепті бүкіл Қазақстан бойынша ХҚО-ның 80 бөлімшесінен алуға болады. Ол үшін жеке куәлігіңіз қажет
- «Қазпошта». Сіз дербес кредиттік есебіңізді «Қазпоштаның» бүкіл Қазақстан бойынша 1688 бөлімшесінен, жеке куәлігіңізді көрсетіп ала аласыз. Бір жылда бірінші рет өтініш берген кезде «Қазпоштаның» комиссиясын ғана төлеуіңіз қажет