Жиі қойылатын сұрақтар
Банкке жүгіну немесе Банктің мобильді қосымшасы: (мысалы, Kaspi.kz, Halyk). «Менің Банкім» немесе «Берешектер» бөлімінде әдетте тыйым салған орган және қаулының нөмірі көрсетіледі. 2. Борышкерлер тізілімі (АІЖО ААЖ): aisoip.adilet.gov.kz сайтында жеке сот орындаушысының (ЖСО) байланыс мәліметтерін табуға және борыш сомасын білуге болады. 3. Салық төлеушінің кабинетінде kgd.gov.kz сайтында немесе eGov.kz порталындағы әкімшілік айыппұлдарды тексеру сервисі арқылы. 4. Шот бойынша шектеулерді тексерудің бірнеше тәсілі бар: банктің мобильді қосымшасы арқылы тексеру, банктің Call-орталығына немесе қолдау көрсету чатына сұрау салу, борышкерлер тізілімінде (АІЖО ААЖ) aisoip.adilet.gov.kz ЖСН-ді тексеру, ҚСжАЕК (құқық қорғау органдары) qamqor.gov.kz порталында тексеру, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесіне ресми сұрау салу.
Жолданымдарды қараудың жалпы мерзімі – клиентті міндетті түрде хабардар еткен кезде тағы 15 жұмыс күніне ұзарту мүмкіндігімен 15 жұмыс күнінен аспайды.
Банктер 3 жұмыс күні ішінде берешектің жоқ екені туралы анықтама беруі керек.
Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 48 қаулысымен тиісті өзгерістер бекітілді, қаулымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына түзетулер енгізілді.
Банктер клиенттерге төлемдер мен аударымдар бойынша тарифтердің өсуі туралы өзгерістер енгізілгенге дейін кемінде үш ай бұрын хабарлауға тиіс.
Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 48 қаулысымен тиісті өзгерістер бекітілді, қаулымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына түзетулер енгізілді.
Банктер мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін, оның ішінде банктердің ғимараттары мен үй-жайларын, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын бейімдеуді, сондай-ақ қызметкерлерді клиенттердің осы санатымен жұмыс істеу дағдыларына оқытуды қамтамасыз етуге тиіс.
Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы №48 қаулысымен тиісті өзгерістер бекітілді, қаулымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына түзетулер енгізілді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 36-бабына сәйкес, мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда, банк қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға төлем талабы тәртібімен өндіріп алуды қолдануға құқылы. Ерекшелік – қарыз алушы алимент, жәрдемақы, әлеуметтік және өзге де төлемдер түрінде алатын ақшалар.
Кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға арналған ақша (алимент) түсетін банктік шоттардағы клиенттердің ақшасына банктік қарыздар бойынша төлем талаптары негізінде өндіріп алу жүргізуге жол берілмейді.
Арнайы шоттар банктермен немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жеке тұлғаның талабы бойынша және банктік шот ашу туралы өтінішінде арнайы мақсаттағы шот ретінде көрсетілген жағдайда ашылады.
Таратылатын банк кредиторлары талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020ж. №114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – №114 Қағидалар) 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 30-тармақтарында белгіленген.
Сонымен бір мезгілде №114 қағидалардың 98, 99-тармақтарында тарату комиссиясы танымаған не тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген, жеке баланстық шотта өзге кредиторлық берешек ретінде ескерілген кредиторлардың талаптары кредитор ұсынған талаптарды қанағаттандыру және оларды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы сот шешімінің негізінде ғана кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020ж. №114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 137-тармағына сәйкес банктегі тарату процесінің басталуы банктің дебиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша айыпақы және сыйақы есептеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды. Банктің дебиторлық берешегі бойынша айыпақы және сыйақы есептеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және дебитор мен банк арасында жасалған шартта көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020ж. № 114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларының және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 139-тармағына сәйкес (бұдан әрі - №114 Қағидалар) дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осылайша, тарату комиссиясы дебитордың банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты таратылатын банктің дебиторынан берешек сомасын өндіріп алу туралы соттарға жүгінеді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 7-бабының бесінші бөлігіне сәйкес соттың азаматтық іс бойынша шешімдерін тек тиісті соттар АПК-да көзделген тәртіппен тексере алатыны және қайта қарай алатынына назар аударамыз.
АПК-нің 21-бабының екінші бөлігінде заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады деп көзделген.
АПК-нің 22-бабына сәйкес іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот актілерін шығарған адамдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен сот актілеріне шағым жасауы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабы 1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес, сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сот құқықтық баға берген мәселелерге араласуға құқығы жоқ.
Сонымен қатар, егер сот талқылауы процесінде немесе атқарушылық
іс жүргізу шеңберінде бітімгершілік рәсімдерді қолдана отырып, дауды реттеу туралы өтінішхат берілсе, тарату комиссиясы медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімді (бұдан әрі – келісім) жасасу мүмкіндігін қарауы мүмкін. Келісім шеңберінде берешекті өтеу мерзімі ай сайынғы тең төлемдермен:
- жеке тұлғалар үшін 30 айды;
- заңды тұлғалар үшін 24 айды құрайды.
Келісім №114 қағидаларда көзделген талаптар сақталған кезде жасалады және банктің кредиторлар комитетімен келісілуге тиіс. Банктің кредиторлар комитеті келісімнің талаптарын келіскеннен кейін ол Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа бекітуге беріледі (№114 қағидалардың 141-тармағы).
Кредиторлармен есеп айырысу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабының 4-тармағына сәйкес әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
Яғни, егер тарату комиссиясы екінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыратын болса, онда үшінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысу екінші кезектегі кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін ғана басталады.
Таратылатын банктің кредиторларымен есеп айырысудың өзге тәртібі заңнамада белгіленбеген.
Мемлекеттік реттеу туралы заңға сәйкес Агенттік қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік реттеу және бақылау туралы заңның 15-1-бабында көрсетілген қаржылық емес ұйымдарды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Өз кезегінде, бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес Агенттік мемлекеттік реттеу туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, қаржы ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, банк конгломераттарын және (немесе) сақтандыру топтарын әкімшілік іс қозғайды не өзге де шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықты шектеу шараларын қолданады.