Жиі қойылатын сұрақтар
Сіз өз мүлкіңізді борышкердің міндеттемелері бойынша кепіл ретінде қоюға кепілдік бересіз бе? Онда сіз әрқашан келесі ықтимал тәуекелдердің басталу ықтималдығы бар екенін білуіңіз және естен шығармауыңыз қажет:
- Кепіл тоқтатылғанға дейін сіз өз мүлкіңізді басқара алмайсыз;
- Егер сіз кепіл беруші ретінде әрекет ететін борышкер банк алдындағы міндеттемені орындамаса немесе тиісінше орындамаса, онда банк кепілге салынған мүлікті өндіріп алуға құқылы;
- Борышкер қайтыс болған жағдайда, қарыз туралы мәселе оның мұрагері шешкенге дейін қалады және сақталады;
- Борышкер кепіл берушіні кредитті ресімдеу үшін өзінің жеке басының мақсатына пайдаланып, кейіннен кредитті төлеу бойынша міндеттемеден қашуы мүмкін.
Кепіл беруші, егер ол борышкердің міндеттемелері бойынша өз мүлкімен жауап беруге келіссе, онда оның кепілге салынған мүлкі борышкердің банк алдындағы төлем қабілеттілігіне және адал мінез-құлқына толық байланысты болатынын есте сақтауы қажет. Көп жағдайларда борышкер қарызды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындамай, қарызды төлеу бойынша толық немесе ішінара жауап беретін кепіл берушінің бар екенін біле отырып, кредитордан қашқақтауы мүмкін.
Сәлеметсіз бе! Бірінші, қандай мәселеге назар аудару керек – тіркелуі және белгілі бір қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы. Егер ұйым Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмесе, оған ақша салу тәуекелі өте жоғары болады.
Егер кірістілік туралы айтатын болсақ, онда жоғары (нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары) кірістілік – бұл алаяқтық схемаларының ықтимал белгілерінің бірі.
Қаржы пирамидаларының бірнеше белгілері бар, оларға назар аудару керек, олардың негізгілері:
1. Міндетті кіріс жарнасы;
2. Төлемдер алу үшін жаңа қатысушыларды тарту;
3. Кейіннен басқа салымшылар салған ақшадан жаңа қатысушыларға сыйақы төлеу;
4. Салынған қаражаттан негізсіз жоғары кірістілікке уәде беру;
5. Салынған қаражаттың сақталуына кепілдіктің болмауы;
6. Ұйым қызметінің түрі анықтамасының, оның жарғысының, ресми тіркелуінің болмауы;
7. Ұйымның қаржылық жағдайы туралы қандай да болсын ақпараттың болмауы;
8. БАҚ-ғы, интернеттегі өктем жарнама;
9. Әртүрлі бағдарламалардың қатысушыларына қымбат сыйлықтар тапсыра отырып, ойын-сауық жарнамалық шоу-таныстырылым науқандарын ұйымдастыру;
10. Кіріс көздерінің, қаражат айналымының, бизнес-процестердің айқын емес құрылымдары және басқасы.
Осылайша, егер сіз өз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілерді барлығы немесе бірнешеуі бар болса, сізді үлкен зиянға әкеп соғатын қаржы қақпанына тартуға әрекет жасап жатқан жоқ па деп ойлануыңыз керек.
Бұл тетік Қор туралы ҚР заңнамасында көзделген. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты жеткіліксіз болған кезде Қор төтенше жарналарды тартады. Қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналары есебінен қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор өзінің меншікті капиталын пайдаланады.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және меншікті капитал жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар Қорға қарыз беруге құқылы. Осылайша, өтеу осы қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Содан кейін қарыз қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жатады.
Қазіргі уақытта кепілдік беруге міндетті сақтандырудың 3 түрі (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, туристерді сақтандыру) және аннуитеттік сақтандырудың 2 түрі (қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберіндегі аннуитет және зейнетақы аннуитеті) жатады.
Қор 2003 жылы құрылған және Қордың қатысушысы - сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан аумағындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады. Сақтандыру ұйымдары Қордың акционерлері болып табылады. Қордың қызметі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» ҚР Заңымен, нормативтік-құқықтық актілермен, Қордың ішкі құжаттарымен реттеледі. Сақтандыру ұйымдары Қорға жарналар төлейді, олар кепілдік беру резервтерін қалыптастырады. Кепілдік беру резерві мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына төлемдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ портфельді беруге ғана арналған. Көлік оқиғасы салдарынан өмірі мен денсаулығына өзге адам зиян келтірген тұлғаларың көлік оқиғасы болған жерден жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты адам анықталмаған жағдайларда құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдардың өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өздері немесе жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі-МЗЖ) есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-1-тармағында атап өтілген талаптардың бірі болған кезде құқығы болады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен осындай құқық Заңның 32-бабында белгіленген.
Осылайша, талаптардың бірі - салымшыда сақтандыру ұйымымен жасалған қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартының болуы.
Бұл ретте, Заңның 30-бабы 1-тармағының алтыншы абзацында, Заңның 31-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында көрсетілген адамдарға МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен төленетін біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс деп белгіленген.
Баяндалғанды ескере отырып, сақтандыру ұйымымен қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарты және МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары бар адамның өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзіне немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына емделу үшін ақы төлеу үшін Заңның 30-бабы 1-тармағының алтыншы абзацында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарын ғана пайдалануға құқығы бар деп санаймыз.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасай отырып, салымшы өзінің сақтандыру сыйлықақысы түріндегі зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына (бұдан әрі – ӨСК) тапсырады, оның орнына ӨСК-дан өмір бойы төлем алу құқығын алады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 60-бабының 6- тармағына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын басқа ӨСК-мен жасасқан жағдайда сақтанушының бастамасы бойынша ғана, бірақ ол жасалған күннен бастап екі жылдан ерте емес мерзімде бұзуға болады.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты бұзған жағдайда ӨСК-дан «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-қа сатып алу сомасын қайтару тетігі қолданыстағы заңнамада көзделмеген.
Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде қабылданған нормаларға сәйкес салымшыда жасалған зейнетақы аннуитетінің болуы зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуы (яғни, тұрғын үй, емделу немесе зейнетақы активтерін қаржылық басқару) үшін жеткіліктілік өлшемшарттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларының 11-тармағына сәйкес уақытша әкімшіліктің қолданылу мерзімі ішінде ұйымның мүлкімен мәмілелер жасасуға және оларды орындауға, оның ішінде ұйымның кез келген нысандағы кредиторлық берешекті өтеуді қоса алғанда, міндеттемелерді орындауына, ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауға байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және ҚР азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарсы біртекті талаптарды есепке жатқызуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – СҚ туралы заң) 69-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары, тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін.
СҚ туралы заңның 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бiрiншi кезекте, кредиторлардың сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.
Осылайша, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру төлемін тарату комиссиясы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Бірыңғай сақтандыру дерекқорды (бұдан әрі - СБДҚ) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым «Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңы 7-бабының 2-1-тармағына сәйкес «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ болып табылады.
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – СҚ туралы Заң) 82-бабының 1-тармағына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, бұдан басқа:
- СҚ туралы заңда және №177 қаулыда көзделген тәріппен сақтандыру есептерін беруге;
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге міндетті.
СҚ туралы заңның 80-бабының 4-тармағында сақтандыру есебін алушылардың толық тізбесі айқындалды, оларға мыналар жатады:
- Ұлттық Банк (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 1) тармақшасы);
- Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы);
- дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы) (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы);
- ҚР АК-тің 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 8) тармақшасы).
СҚ туралы Заңның 80-бабының 4-тармағында көрсетілмеген өзге тұлғаларға СБДҚ-дан ақпарат беруге рұқсат етілмейді.
ҚР АК 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында көрсетілген, СБДҚ-дан ақпарат беруге рұқсат етілген тұлғалар мыналар болып табылады:
- сақтанушының (пайда алушының) өкілі – нотариус куәландырған сенімхаттың негізінде;
- анықтау және алдын ала тергеу органы – оның жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;
- сот – соттың ұйғарымы немесе қаулысы негізінде оның жүргізуіндегі істер бойынша;
- прокурор – өз құзыреті шегінде оның қарауындағы материалдар бойынша тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, ал өзге сақтандыру шарттарына қатысты – прокурордың санкциясымен.
Осылайша, ҚР заңнамасына сәйкес, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттары туралы СБДҚ-дан ақпарат алу үшін тиісті тұлғалар «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-қа мына мекенжай бойынша хабарласуы қажет: Алматы қаласы, Әйтеке би к., № 67 үй, тел: 8 (727) 352-75-70.
Cақтандыру омбудсманы сақтандыру компаниясымен дау кезінде сізге көмектеседі.
Сақтандыру омбудсманы өзінің қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылады, мұнда ол сақтандыру ұйымдары және оның клиенттері (сақтанушылар, сақтандырылушылар және пайда алушылар), сондай-ақ сақтандыру ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды (даулы оқиғалар) реттеуді жүзеге асырады. Негізгі міндеттер тараптар арасындағы әділ, жан-жақты, объективті қарау және әділ, заңды шешім шығару болып табылады.
Сақтанушылар (пайда алушылар), сақтандырылушылар арасындағы өзара қарым қатынастарды сақтандыру омбудсманы ӨТЕУСІЗ жүзеге асырады. Сақтандыру омбудсманының институт Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс істейді.
Сақтандыру омбудсманының қызметі туралы жан-жақты ақпаратты мынадай сайттан алуға болады http://www.insurance-ombudsman.kz, электрондық почта бойынша office@omb.kz, не телефон бойынша (727) 382-41-74. Офистің тұрғылықты мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі 28/7, территория «Бай – Тал» ТК аумағы, 2-қабат.