Ауданда 52 ЖШС, 237 шаруа қожалығы бар.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің астық бағыты қайта өңдеу өнеркәсібінің негізі болып табылады. Бүгінде ауданда үш диірмен және 20 наубайхана жұмыс істейді. Ұн өндірудің негізгі үлесі (70% - ға дейін) "Сандықтау-Астық"ЖШС-не тиесілі.
Етті қайта өңдеумен шұжық өнімдерін, вакуумдық орамдағы ет деликатестерін, консервілерді, жартылай фабрикаттарды шығаратын төрт цех жұмыс істейді. 2010 жылы 50 тонна ет өнімдерін шығарған "Руслан и Жанна" ЖШС осы бағыттағы қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын болып табылады.
Өткен жыл "Максимовское" ЖШС күнбағыс майы өндірісінің іске қосылуымен, ағымдағы - жылына 15 млн.дана қуаттылығы бар "Балкашинский кирпичный завод" ЖШС кірпіш шығарудың басталуымен белгіленді.
Ауданның экономикалық саясатына шағын және орта бизнестің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Бұл салада төрт мыңнан астам адам жұмыс істейді, ал өткен жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсуі 1,6 пайызды құрады.