Агенттіктің мемлекеттік қызметтері Агенттікте электрондық/қағаз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы көрсетіледі. Заңнамаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. б.) қарамастан "электрондық үкімет" порталы арқылы Интернет желісіне қол жеткізген кезде (www.egov.kz) қандай да бір мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруді жүзеге асыра алады. Бұл ретте электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты не "электрондық үкіметтің"ақпараттық жүйесінен мәліметтер беру болып табылады. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері мемлекеттік қызметті алушының өтініші негізінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында және стандартында белгіленеді.