

Миссиясы: халықты азық – түлікпен, өнеркәсіп-шикізатпен қамтамасыз етуге, дамушы экономика жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған Ауыл шаруашылығын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу.
Негізгі міндеттер:
1) ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
2) ауыл шаруашылығы саласында индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
4) тұқым шаруашылығы, Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру