Ақтөбе облыстық мәслихатының кезекті сессиясында атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген Қобда ауданындағы «Калиновка орта мектебін» - «Бесқұдық орта мектебі», «Калиновка ауылындағы бөбекжай-бақшасын» - «Жерұйық бөбекжай-бақшасы», Хромтау ауданындағы «Просторный бастауыш мектебін» - «Жазық бастауыш мектебі» деп қайта атау туралы білім беру ұйымдары ұжымдарының ұсыныстары мәслихат депутаттары тарапынан оң қолдау тапты.