
Ағымдағы жылдың 9 маусымы күні облыстық мәслихат сессиясында Ақтөбе қаласының Алматы және Астана аудандарындағы 1 шағын ауданға 19 тұрғын үй алабына, 41 атауы жоқ көшесіне атау беру және 38 қайталанған, атаулары идеоологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар облыстық мәслихат депутаттары тарапынан оң қолдау тапты. Қазіргі таңда жоғарыда аталып өткен құрамдас бөліктерге атау беру, қайта атау бойынша құжаттар Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтуге дайындалуда.