
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Бізбен бірге» қоғамдық қоры Ойыл ауданында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі» жобасын өткізді. Жоба барысында Ойыл ауданында орналасқан кәсіпкерлік нысандардағы бақылау-кассалық аппараттардан шығарылатын фискалды чектердің мемлекеттік тілде берілуіне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Заңнама талаптары бұзылған кәсіпкерлік нысандарға әдістемелік көмек көрсетіліп, бірқатар кассалық аппараттардың тілі мемлекеттік тілге өзгертілді.