
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Бізбен бірге» қоғамдық қоры Хромтау ауданында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі» жобасын өткізу барысында ауданындық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жұмыстары жүргізді. Көрнекі ақпарат пен жарнаманың ҚР тіл туралы заңының талаптарына сай рәсімделуі бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.