
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Бізбен бірге» қоғамдық қоры «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі» жобасын Шалқар ауданында жалғастырды.
Акция барысында қоғамдық тамақтану және сауда орындары мен жарнамалық нысандарды аралау арқылы сауда орындарының иелері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заң талаптары түсіндірілді