Құрылым
Қала әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі
Қала әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімі мәселелердің сипатын анықтап, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөліполарды қарау және жауап беру үшін қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберіп жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастырады, бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және арыз берушілерге жауаптардың мерзімінде жолдануын бақылайды; қала әкімінің, қала әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастырады және өткізеді.
Бөлім басшысы:
Наубекова Айнұр КаренқызыТелефон:
35-45-10Электрондық пошта:
akimat_atyrau@atyrau.gov.kzАтырау қаласы әкімінің Баспасөз хатшысы
ТолығырақБаспасөз хатшысы:
Қалижан Еркеназ ЕркінқызыТелефон:
8(7122) 30-98-59Электрондық пошта:
erkenaz_98_98@atyrau.gov.kzАқпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімі
Қала әкімі аппаратының бағдарламалық қамтамасыздандыруын және компьютердік модельдеуді уақытылы жаңартып отырады; мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрады және енгізеді; ақпараттық-талдау жұмыстарының және мониторингтің нысандары мен әдістерін игереді; облыстық ақпараттық жүйелермен қарым-қатынасты ұйымдастырады және оларды қала аумағында енгізеді; қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бағытындағы мәліметтер мен ақпаратты қабылдау, өңдеу, автоматтандыру және технологиялық процестерді басқару бағытындағы жұмыстарды жүргізу; компьютерлік және ақпараттық технологиялардың ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдастырады.
Атырау қаласы әкімі аппаратының есеп және есеп жүргізу бөлімі
Қала әкімі аппаратының іс-қимылын қаржы-шаруашылық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз ету; қызметкерлердің еңбек ақысын және басқа да есептерді жүргізу, негізгі заттарды есепке алу; бухгалтерлік құжаттарды заңдылыққа сәйкес жүргізу, қаржылық, статистикалық есеп дайындау; бюджеттік сұраныстар мен тапсырыстардың бағдарламасы бойынша есеп жасау, қаржыландыру және бюджеттік бағдарламаның жобасын дайындау; мемлекеттік сатып алу жұмысын ұйымдастырады.
Бөлім басшысы:
Тілеуғалиева Ақмарал ӨтепбергенқызыТелефон:
35-42-11Электрондық пошта:
akimat_atyrau@mail.ruҚала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі
Кадр алмастыру, кадр қозғалысы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру; кадр мәселелері бойынша актілер жобасын дайындау; жұмысқа жаңадан қабылданғандарға тиісті шараларды жүзеге асыру; құзырлы органдар сұранысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің өзгерісі туралы тоқсандық, жылдық есеп жасақтау; кадр мәселелері бойынша ақпарат, мәлімет, сараптама дайындау; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруына және қайта даярлануына сәйкес жұмыс ұйымдастырады.
Қызметінің басшысы:
Өмірбаева Назгүл КобландықызыТелефон:
27-10-16Электрондық пошта:
personal_akimat@atyrau.gov.kzАтырау қаласы әкімінің аппараты жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімі
Бөлім төтенше жағдай аймағындағы авария, апат, зілзала салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру; төтенше жағдайды ескерту, алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi жұмысын жоспарлау, орындалуын қамтамасыз ету; төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша өткізілетін оқу жаттығудың іс-шараларын жасақтау, өткізілуін ұйымдастыру; төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша құрылған консультациялық-кеңесшi органның жұмысын ұйымдастыру; құқық қорғау органдарымен біріккен жұмысты ұйымдастырады.
Бөлім басшысы:
Рахимов Кенжеболат ШадияровичТелефон:
27-12-64Электрондық пошта:
k.rakhimov@atyrau.gov.kzҚала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі
Қалалық әкімдіктің іс қимылында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; қалалық әкімият қаулысы, қала әкімінің шешімдер мен өкімдер, қала әкімі аппараты жетекшісі бұйрығы жобаларының Қазақстан Республикасының заңдылық талаптарына сәйкес болуына талдау жүргізу; қабылданған қалалық әкімият қаулысы мен әкімінің шешімдерін (қажеттілігіне қарай) әділет органынан тіркеуден өткізуін қамтамасыз ету; сот және басқа да органдарда қалалық әкімдіктің өкілі болу.
Бөлім басшысы:
Доскалиев Жан НукатджанұлыТелефон:
27-10-30Электрондық пошта:
zh.doskaliev@atyrau.gov.kzҚала әкімі аппаратының жалпы бөлімі
Жалпы бөлім Атырау қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім аппарат туралы Ережеге сәйкес қала әкімі аппаратының Іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз етеді, келіп түскен құжаттарды Электрондық Құжат Айналымның Бірыңғай Жүйесіне (ЭҚАБЖ) тіркейді және құжаттардың жүзеге асыру барысына бақылау жасайды, қала әкімінің қатысуымен өтетін мәжіліс, аппараттық кеңестердің хаттамасын жүргізуді және нормативтік-құқықтық актілерді ресімдеуді қамтамасыз етеді, қала әкім қол қойған нормативтік-құқықтық актілерді белгіленген тәртіп бойынша тіркелуін және таратылуын жүзеге асырады.
Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі
Қалалық әкімдік бойынша жұмыс жоспарын, қала төлқұжатын, іс-шараларды жасақтау, жұмыс бағытына қажетті нормативті актілердің жобасын дайындау; қала әкімінің қатынасуымен өтетін алқа мәжілістері, жиналыстардың өткізуін ұйымдастыру; қала деңгейінде өткізілетін түрлі көпшілік шараларды ұйымдастыруға қатынасу, шаралар бойынша қажетті ақпаратты жинақтайды.
Бөлім басшысы:
Муханбеткалиева Айгуль КубашевнаТелефон:
30-93-58Электрондық пошта:
org_otdel@atyrau.gov.kz