
Өмірбаева Назгүл Кобландықызы 1989 жылы Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында дүниеге келген. 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – халықаралық қатынастар, қаржы.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2015 жылы Құлсары қаласы әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы қызметінен бастады.
2016–2023 жылдары Құлсары қаласы әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарды.
2023–2024 жылдары Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси ахуалды талдау және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс секторында бас маман қызметін атқарды.
2024 жылғы 9 шілдеден 2026 жылғы 9 тамызға дейін Атырау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2026 жылғы 10 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы қызметін атқарып келеді.