Муханбеткалиева Айгуль Кубашевна 1970 жылы Гурьев облысы, Индербор кентінде дүниеге келген. 1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Ашық тау-кен жұмыстары» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1999 жылы Атырау қалалық абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде маман болып бастады.
2001–2002 жылдары Атырау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімінде бас маман міндетін атқарды.
2002 жылғы 8 сәуірден бастап Атырау қаласы әкімі аппаратында еңбек етіп келеді. 2002–2006 жылдары жалпы бөлімнің және қалалық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы, 2006–2009 жылдары ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы болды.
2009–2012 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімін басқарды.
2012–2014 жылдары аталған бөлімде бас маман қызметін атқарды.
2014–2018 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы болды.
2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімін басқарып келеді.