Наубекова Айнұр Каренқызы 1965 жылы Атырау облысы Махамбет ауданындағы Махамбет ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2001 жылы Атырау қаласы әкімі аппаратында ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
2006 жылы персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалып, аталған қызметті 2019 жылға дейін атқарды.
2019–2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2020 жылғы 1 қазаннан 2026 жылғы 18 мамырға дейін Атырау қаласы әкімінің аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2026 жылғы 19 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау қаласы әкімінің аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді.