Зубаир - Қазақстан, Абай облысы, Бородулиха ауданындағы ауыл. Зубаир ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Аудан орталығы - Бородулиха ауылынан солтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде орналасқан.
Шамамен 1900 жылдары Зубаир, Найман, Байтанат, Апсәлям ауылдары байлардың займка жерлері болған. Революциядан кейін ауылдар құрыла бастаған.
1929 жылы Зубаир ауылында Өрнек колхозы, Байтанат ауылында Өнерлі колхозы, Жаңаауылда Апсалям колхозы құрылған.
1951 жылы үш колхоз біріктіріліп А.А. Жданов атындағы колхоз құрылды 1997 жылы Жаңа Семей ауданының таратылғаннан кейін Зубаир ауылдық округі Бородулиха ауданының құрамына кірді.
Жалпы жер көлемі - 18 482 га
Ауылдық округ құрамына 3 ауыл кіреді- Зубаир,Байтанат. Жаңаауыл
Округ бойынша жалпы аула саны- 94
Жалпы халық саны - 320.