
«Бородулиха аудандық мәслихатының
24 қарашадағы 2025 жылғы № 38-10-VIII
«2025-2027 жылдарға арналған
Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық
округінің бюджеті туралы»
шешімді іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 79-бабына және «2025-2027 жылдарға арналған Зубаир ауылдық округінің бюджеті туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 38-10-VIIІ шешіміне сәйкес, Зубаир ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған, соның ішінде 2025 жылға ауылдық округінің бюджеті тиісінше қосымшаға сәйкес, мынадай көлемдерде орындауға қабылдансын:
1) кірістер – 61639,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 12196 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 49443,8 мың теңге;
2) шығындар – 63568,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1929 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1929 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1929 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2025 жылға арналған Зубаир ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 6246,8 мың теңге сомасында көзделсін.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
3. «2025 жылға арналған Зубаир ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 26830 мың теңге сомасында көзделсін.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі О. Есенжолов