
Зубаир ауылдық округінің Зубаир ауылында ағымдағы жылдың қазан айында қатты тұрмыстық қалдықтарды үйіндіге жинау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара бұрын рұқсатсыз қалдықтар төгілген аумақты абаттандыруға және санитарлық тазартуға бағытталған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалдықтар реттелген үйінділерге топтастырылып, бұл қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, санитарлық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.
Тұрғындарға қоқысты тек белгіленген қоқыс полигоны аумағында шығаруды қатаң түрде сұраймыз.
Қалдықтарды рұқсатсыз түрде полгионнан тыс жерге шығару әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады және елді мекеннің экологиясына зиян келтіреді.