«Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім және аудан әкімдігі қызметінің ақпаратты-талдау, ұйымдастырушы-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын атқарушы-өкілетті орган болып табылады.
Аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, сонымен қатар заңға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.
Аудан әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарда өз атынан шыға алады.
Аудан әкімі аппаратының құрылтайшысы болып Жарма ауданы әкімінің тұлғасында мемлекет болып табылады.
Мекенжайы | Қазақстан Республикасы, ШҚО, Жарма ауданы, индекс 070600 Қалбатау ауылы, Достық көшесі 105 |
Аудан әкімінің қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі | 8 (72347) 65-222 |
k.zharminskii@akimvko.gov.kz |