Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2025 жылғы І жартыжылдығының қорытындысы
Өнеркәсіптік өндірісте өнім 324 835,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 136 032,0 млн. теңгеге немесе 72,0 пайызға артты (2024 жылғы 6 ай – 188 803,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 102,1 пайыз.
Жоспар тапсырма: 269 770,9 млн. теңге, орындалуы - 120,4 пайыз.
Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 305 267,0 млн. теңгені құрайтын өнім өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес деңгейінен 126 988,0 млн. теңгеге немесе 71,2 пайызға артты (2024 жылғы 6 ай – 178 279,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 98,7 пайыз.
Жоспар тапсырма: 259 941,6 млн. теңге, орындалуы - 117,4 пайыз.
Өңдеу өнеркәсібінде тауар өнімдерінің және көрсетілген қызметтерінің көлемі 16 493,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 359,0 млн. теңгеге немесе 2 есеге артты (2024 жылғы 6 ай – 8 135,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 1,8 есеге артты.
Жоспар тапсырма: 9 829,3 млн. теңге, орындалуы - 167,8 пайыз.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11 205,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 1 661,0 млн. теңгеге немесе 17,4 пайызға артты (2024 жылғы 6 ай – 9 544,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 101,6 пайыз.
Жоспар тапсырма: 10 212,4 млн. теңге, орындалуы - 109,7 пайыз.
Ірі қара мал басының саны 86 298 басты құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейіне өсу қарқыны 97,4 пайызды құрады (- 2 340 бас, 2024 жылғы 6 ай – 88 638 бас).
Қой мен ешкі саны 230 374 басты құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 117,4 пайызды құрады (+ 34 087 бас, 2024 жылғы 6 ай – 196 287 бас).
Жылқы басы 50 620 басты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсу қарқыны 88,7 пайызды құрады (- 6 463 бас, 2024 жылғы 6 ай – 57 083 бас).
Аудан бойынша барлық егістік алқабы көлемі – 81,0 мың гектар, оның ішінде ағымдағы жылы игерілгені 37,4 мың гектарды құрап, өткен жылдың деңгейінен 8,5 мың гектарға немесе 29,2 пайызға артты (2024 жылы – 28,9 мың гектар).
Оның ішінде дәнді - дақылдардың егістік алқабының көлемі 9,4 мың гектарды құрап, өткен жылғы деңгейден 4,2 мың гектарға немесе 80,1 пайызға артты (2024 жылы – 5,2 мың гектар). Мал азығы дақылдарының егістік алқабы 16,6 мың гектарды құрап, өткен жылдың деңгейінде сақталды (2024 жылы – 16,8 мың гектар). Күнбағыс егін алқабы 2,9 мың гектарға артып, 9,3 мың гектарды құрады (2024 жылы – 6,4 мың гектар). Картоп егістік алаңы өткен жылдың деңгейінен 9 гектарға немесе 5,2 пайызға артып, 185,5 гектарды құрады (2024 жылы – 176,4 гектар).
Аудан экономикасына бағытталған инвестицияның көлемі 14 928,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 316,0 млн. теңгеге немесе 2,2 пайызға артты (2024 жылғы 6 ай – 14 612,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 99,4 пайыз.
Жоспар тапсырма: 19 394,2 млн. теңге, орындалуы - 77,0 пайыз. *Жоспар – тапсырма негізсіз аса көтеріңкі.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11 670,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 3 221,0 млн. теңгеге немесе 38,1 пайызға артты (2024 жылғы 6 ай – 8 448,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 135,3 пайыз.
Жоспар тапсырма: 10 000,0 млн. теңге, орындалуы - 116,7 пайыз.
*Құрылыс көлемі «Қазақавтожол» серіктестігі мердігерлерімен қамтамасыз етілуде. Республикалық маңызы бар «Омск-Майқапшағай», «Алматы – Өскемен» тас жолдары бағытында қайта жарақтау жұмыстары жалғастырылуда.
3 476 шаршы метр тұрғын - үй іске қосылып, өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейіне 93,0 пайызды құрады. Тұрғын – үй салушылар есебінен (орта есеппен 1 шаршы метрі - 220,0 мың теңге) 765,3 млн. теңге инвестиция тартылды.
Жоспар тапсырма: 3 500 шаршы метр, орындалуы 99,3 пайызды құрады.
(Қалбатау ауылында –– 1 740 шаршы метрді құрайтын 10 үй; Бірлік ауылында –– 430 шаршы метрді құрайтын 3 үй; Жаңғызтөбе кентінде – 339 шаршы метрді құрайтын 2 үй; Салқынтөбе ауылында – 155 шаршы метрді құрайтын 1 үй; Қапай батыр ауылында – 655 шаршы метрді құрайтын 3 үй, Әуезов кентінде – 157 шаршы метрді құрайтын 1 үй).
Бөлшек тауар айналымының көлемі 11 354,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1 319 млн. теңгеге немесе 13,1 пайызға артты (2024 жылғы 6 ай – 10 034,0 млн. теңге), нақты көлем индексі – 104,4 пайыз.
Жоспар тапсырма: 12 262,0 млн. теңге, орындалуы - 92,6 пайыз. *Жоспар – тапсырма аса көтеріңкі.
Көтерме сауда көлемі 4 341,0 млн. теңгені құрап, өсу қарқыны - 4,5 есеге, нақты көлем индексі – 4,3 есеге артты (2024 жылғы 6 ай – 963,0 млн. теңге). Облыстық НКИ – 429,3 пайыз.
Жоспар тапсырма: 1 106,7 млн. теңге (НКИ – 112,6%), орындалуы 4,3 есеге артты (НКИ – 112,6%).
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 2 367 кәсіпорынды немесе 98,0 пайызды құрады (2024 жылғы 6 ай – 2 419 бірлік).
Жоспар тапсырма: 2 502 бірлік, орындалуы 94,6 пайызды құрады. *Жоспар – тапсырма аса көтеріңкі.
Аудандық бюджетке 4 323,0 млн. теңгені құрайтын салықтар және басқа түсімдер жиналып, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 363,0 млн. теңгеге немесе 9,2 пайызға артты (2024 жылғы 6 ай – 3 960,0 млн. теңге).