
Абаттандыру жұмыстары
Шар қаласының дамуының Жол картасы шеңберінде қаладағы Теміржолшылар скверін абаттандыруға облыстық бюджеттен 36,1 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды (мердігер - "Палладиум" ЖШС). Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Шар қаласында жалпы сомасы 66,0 млн. теңгені құрайтын 2 шағын футбол алаңы және 2 воркаут құрлысы жұмыстары аяқталды (мердігер - "Электро-Лидер" және «Каз Дриллинг Флюидс» ЖШС-тері).
Шар қаласының Алибасов және Тұрғанбай көшелерінде екі шағын футбол алаңы мен екі воркаут алаңының құрылысы мемлекеттік сатып алу тәртібімен «Элетро-Лидер» және «Каз Дриллинг Флюидс» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды. Қаланың орталығында орналасқан теміржолшылар скверін абаттандыруына жариялған конкурсты Алматы қаласынан «Палладиум» ЖШС ұтып алып, құрылыс жұмыстарын, жобаға сәйкес жүргізіп, аяқтады.
Қаланың орталық алаңына және теміржолшылар аллеясына гүлдер отырғызу үшін мемлекеттік сатып алу тәртібі бойынша мердігер «Сенім мүгедектерінің ерікті қоғамы» ұтып алып, 4,777 000 мың теңгеге гүлдерді салу және күтіп суару жұмыстары бойынша келісім шарт жасалды. 8 000 дана гүл отырғызды.
Орталық алаңды, аллеяларды күтіп ұстау, соның ішінде газон егіп, ағаштарды суарып, фонтанды іске қосып және оларға қызмет көрсету үшін 4 млн теңге бөлініп, мердігер Жарма ауданы әкімдігінің «Горводхоз» мекемесі ұтып алды.
Сары-арқа ауылына футбол алаңы мен балалар ойын алаңының құжаттары толығымен істелді, сараптаманың оң қорытындысы бар. Тәуелсіздік көшесінде Арбат және де Тұрғанбай көшесінде балалар ойын алаңының орнату үшін жобалық смета құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Жол жөндеу жұмыстары бойынша
Жалпы аудан бойынша аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының ұзындығы 483,8 км құрайды. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 338,6 км, қанағаттанарлықсыз жағдайда 145,2 км.
Аудан бойынша 50 елді мекен бар. Елді мекендердегі көшелердің ұзындығы 310,1 км құрайды. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 163,74 км, қанағаттанарлықсыз жағдайда 146,36 км.
Ағымдағы жылы 2024 жылы басталған Жаңғызтөбе-Жарық аудандық маңызы бар жолына орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. 2024 жылы 242,9 млн. теңгеге 3,1 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2025 жылы 516,6 млн. теңгеге 11,9 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары толығымен аяқталады. Мердігер ұйым «ӨСКЕМЕНСПЕЦКОММУНТРАНС» ЖШС-гі.
Сонымен қатар Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында 3 жоба іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда:
1) Үшбиік ауылындағы Арқарбай көшесінің 1,6 км жолына орташа жөндеу жұмыстары. Жобаға алынған сараптаманың уақыты өтіп кетуіне байланысты қайта сараптамадан өткізіліп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары 2 рет жүргізілді. Алайда мемлекеттік сатып алу жұмыстарына өтінімдердің түспеуіне байланысты, келісім-шарт жасалмады. Сол себепті бөлінген қаражат толықтай қайтарылды. Дайындалған жобаны одан әрі іске асыру мақсатында ауданнның даму жоспарының 2026 жылына енгізілді.
2) Қалбатау ауылындағы Әуезов көшесі 1,590 км, Ысқақов көшесі 0,900 км жолға орташа жөндеу жұмыстары. Жобаға алынған сараптаманың уақыты өтіп кетуіне байланысты қайта сараптамадан өткізілді. Жоба құны 164,0 млн. теңгені құрайды. Мемлекеттік сатыл алу жұмыстарының қорытындысына сәйкес «Жарма тас жолы» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған. Бүгінгі күнге жұмыстар ақталу сатысында. Асфальт жабындысын төсеу жұмыстары, жол жиегін көтеру жұмыстары аяқталады.
3) Қалбатау ауылындағы Мұстанбаев көшесі 1,390 км жолға орташа жөндеу жұмыстары. Жобаға алынған сараптаманың уақыты өтіп кетуіне байланысты қайта сараптамадан өткізілді. Жоба құны 96,7 млн. теңгені құрайды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша маусым айының 25-нен кейін орташа жөндеу жұмыстары басталатын болады. Мемлекеттік сатыл алу жұмыстарының қорытындысына сәйкес «Жарма тас жолы» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған. Бүгінгі күнге жұмыстар яқталу сатысында. Асфальт жабындысын төсеу жұмыстары, жол жиегін көтеру жұмыстары аяқталады.
Елді мекендерді жарықтандыру шеңберінде
Суықбұлақ кентіндегі Ұзынжал,Новотаубинка, Рудник, Жайма ауылдарында көше жарығын ағымды жөндеуге облыстық бюджеттен 13,3 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.
Байланыс сапасын жақсарту мақсатында Асқаралы, 8 Март, Қаражал, Кентарлау, Сұлусары, Терістаңбалы ауылдарында аудандық бюджет есебінен антенна мачталық діңгек құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуге 33,1 млн. теңге бөлінді. Сараптама шешімі күтілуде.
Интернет желісін жақсарту мақсатында Амангелді көшесінің бас және аяқ жагында екі антенна-дінгек құрылысы АМС орнатылды, жыл соңына дейін қолданысқа берілуі жоспарлануда.
Аудан әкімінің 2025 жылғы 27 наурызындағы №86 қаулысына сәйкес ауданның елді мекендерін көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша айлығы жарияланды (5 сәуір - 5 маусым). Осыған байланысты Жарма ауданы бойынша екі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Жарма ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аудан аумағын тазарту, абаттандыру жұмыстары күнделікті негізде жүргізілуде. Үнемі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат және тазалыққа шақыратын әр турлі хабарламалар жариялануда. және балалар алаңдары және тағы басқалар).
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында осы күнге дейін 120 аудан мекемелері мен ұйымдардың қызметкерлері және тұрғындардан тұратын 11709 адам қатысты. Жұмыстарға барлығы жалпы 193 дана арнайы техника бірлігі жұмылдырылып, 4592 тонна қоқыс тиісті полигондарға шығарылды. Ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, әктеу жұмыстары үнемі жүргізілуде. Елді мекендерге бүгінгі күнге 3500 түп көшет отырғызылды (жоспар бойынша 3500 түп ағаш отырғызу жоспарланған). Елді мекендерді көркейту мақсатында 34700 дана гүлдер сатылып алынып, отырғызылды. Сол себепті бүгінгі күнге жергілікті атқарушы органдар және ішкі істер бөлімі арқылы 244 ескерту беріліп және 136 айыппұл салынды. Оған қоса еріктілер және демеушілер арқылы иесіз қалған үйлердің маңайлары тазартылуда.