Назар аударыңыз конкурс!
«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жарма ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: -Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (гуманитарлық, әлеуметтік, экономика және бизнес, құқық, педагогика, жаратылыстану немесе техникалық ғылымдар және технологиялар); -Жастар саясаты саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
Функционалдық міндеттері: Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту бағытындағы қызметті қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастыру; - Жастарға құқықтық, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру; - Жастардың жұмыспен қамтылуына, кәсіптік бағдарлануына, волонтерлік пен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету; -Консультативтік-кеңесші органдарға қатысу, жастар бастамаларын іске асыру үшін диалог алаңдарын ұйымдастыру; -Жастар жобалары мен бағдарламаларын сүйемелдеу және қолдау, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін дамыту; - Жастар саясатына байланысты талдамалық жұмыс, әлеуметтік зерттеулер жүргізуге қатысу; - Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрымды жақсартуға бағытталған ұсынымдар мен жобаларды әзірлеу; - Бос уақытты тиімді ұйымдастыруға жәрдемдесу; - Қызметкерлерге қажетті жағдай жасау және олардың жұмыс сапасын бағалау; - Ұйым қызметінің материалдық қаржылық және кадрлық ресурстарын тиімді пайдалану; - Есептерді әзірлеу мен талдау, бухгалтермен бірге орталықтың кірістері мен шығыстарын болжау; - Қызмет тұтынушыларымен және басқа мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүргізу; - Көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қаржы қаражатының тиімді жұмсалуына толық жауапкершілік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын; «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін»; Ұйымның бейінін, жастар саясаты саласындағы негізгі бағыттар мен үрдістерді; - Қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, салық заңнамасын; - Еңбек және ұжымдық шарттарды жасау тәртібін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын; - Және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар ұсынылады:
Қоса берілетін құжаттар тізімі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіле отырып);
Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
денсаулық жағдайы туралы 075у анықтамасы.
Қатысушы қосымша құжаттар (біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, ұсыным хаттар және т.б.) ұсынуға құқылы.
Құжаттар аудандық «Қалба тынысы» газетінде және тиісті интернет-ресурстарда жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105-үй, №16 кабинет, «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.