Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Азаматтарды қабылдау орталығы
Өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЖер учаскесін бөлу Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады. Қағиданың 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметті алу үшін Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қажетті келесідей құжаттар түрін ұсына отырып, Жарма ауданы әкімдігінің кеңсесіне жүгіну қажет:
1) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш;
2) жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің өлшемдері мен нақты бар құрылыс-жайлары көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы;
3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесін жолдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды. Қызмет көрсету нысаны – қағаз түрде. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
According to the Law "On Housing Relations of the Republic of Kazakhstan", registration of citizens is carried out through NJSC "Corporation for Citizens" or through the E-Gov portal. A prerequisite is the absence of real estate from the applicant and family members for the last 5 years, confirmation of disability or other social affiliation.