Көлік құралын жүргізу күнделікті міндеттердің уақытын үнемдеуге, саяхаттауға және қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.
Жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болу алдында, бастапқыда 10 жылға арналған мерзімімен берілетін жүргізуші куәлігін алу қажет.
Осы материалда біз оны алу тәртібі мен әртүрлі жағдайларда ауыстыруын жазамыз.
Жүргізуші куәлігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылы ҚР Ішкі істер министрлігімен беріледі. Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК. Рәсімдеу мерзімі – 2 сағат (емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде). |
Егер cізде жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталған болса, онда оны ауыстыру үшін төмендегі құжаттармен Мамандандырылған ХҚКО-на жүгінуіңіз қажет:
Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті онлайн брондауды ұсынамыз.
Жүргізуші куәлігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылы ҚР Ішкі істер министрлігімен беріледі. Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК. Рәсімдеу мерзімі – 2 сағат (емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде). |
Алғашқы рет жүргізуші куәлігін алу үшін немесе санатын ауыстыру кезінде төмендегі құжаттармен кез келген Мамандандырылған ХҚКО-на жүгінуіңіз қажет:
Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті онлайн брондауды ұсынамыз.
Бірінші рет жүргізуші куәлігін (ЖК) алу үшін төмендегілер қажет:
Жүргізуші куәлігінде иесі туралы келесі ақпарат көрсетіледі:
Алғашқы рет жүргізуші куәлігін рәсімдеу, сондай-ақ мерзімі өткеннен кейін немесе жүргізуден айыру кезінде медициналық анықтаманы алу үшін медициналық қарап-тексеруден өту қажет.
Медициналық анықтамада 4 дәрігерден белгілерді алу жеткілікті, атап айтқанда – терапевт, көз дәрігері, отоларинголога және психиатр-нарколог. Басқа дәрігерлерден өту, жалпы анализ тапсыру және флюорография жасау қажет емес.
Медициналық қарап-тексеруді сол Мамандандырылған ХҚКО («Азаматтарға арналған үкімет» МК ХҚКО мамандандырылған бөлімдері) өтуге болады.
Уақытты үнемдеу және ыңғайлы болуы үшін онлайн режимінде Мамандырылған ХҚКО кезекті брондауға болады.
Жүргізуші куәлігін мерзімінен өтуіне дейін ауыстыру кезінде медициналық қарап-тексеруден өту қажет емес.
Жүргізуші куәлігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылы ҚР Ішкі істер министрлігімен беріледі. Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК. Рәсімдеу мерзімі – 2 сағат (емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде). |
Аты-жөнініз өзгерілген жағдайда немесе ЖК ұрланған/жоғалған жағдайда она ауыстыру үшін онлайн-қызметті пайдалануға болады.
Онлайн-өтініште Мамандандырылған ХҚКО белгілеп, цифрлық фотосуретті және электрондық қолтаңба суретін қойып, сондай-ақ онлайн режимде мемлекеттік бажды төлеу қажет.
Ресімдеу мерзімі – 1 сағат (18 С.00м. жұмыс уақытынан кейін немесе демалыс күні, мереке күні берілген өтінім бірінші жұмыс күнінің 9с.00м. кейін қабылданады).
Кейін өтініште белгілеген Мамандандырылған ХҚКО-на төмендегі құжаттарды қолға алып, бару қажет:
Арнайы ХҚКО-да құжаттарды тексергеннен кейін сізге дайындалған жүргізуші куәлігі беріледі.
Сондай-ақ сізге төмендегі құжаттармен Мамандандырылған ХҚКО-на жүгінуіңізге болады:
Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті онлайн брондауды ұсынамыз.
Жүргізуші куәлігін алуға құқығы болу үшін жүргізу негіздерін оқу, жол қозғалысы қағидасын жаттау және емтихан тапсыру керек, ол сіздің біліміңізді растайды.
Жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқудан өту қажет.
Автомектепке қабылдану үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Автомектепте оқу мерзімі таңдалған көлік құралына байланысты және бір айдан жарты жылға дейін болады.
Оқудан кейін, автомектептегі емтихандар төмендегі реттілікпен тапсырылады: бастапқыда теориялық, кейін – практикалық.
Теориялық емтиханды тапсыру үшін 40 минут ішінде кем дегенде келесі тәртіп бойынша тестілік сұрақтардың 40-нан 32-не жауап беру керек:
Егер сіз теориялық емтиханнан сәтті тапсырған жағдайда, онда жүргізу бойынша практикалық емтиханға өтесіз.
Практикалық емтиханнан өту кезінде біліктілігіңді тексереді:
Практикалық емтиханның әрбір сынақ жаттығуы үшін қате тізбелері анықталады, сол жүргізуші кандидатурасына Емтиханды қабылдау қағидасының 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес қорытынды кестесімен көзделген айыппұл балы беріледі.
Практикалық емтиханды сәтті тапсыру үшін сізге белгіленген уақытта барлық сынақ жаттығуларын орындауыңыз және 99 айыппұл балдан көп емес алуыңыз керек.
Егер сіз 100 және одан көп айыппұл балын алсаңыз, онда сізге «Тапсырмады» деген бағасы қойылады және емтихан аяқталады. Бұл ретте, емтиханды қайта тапсыру 7 күндізбелік күннен кейін ғана белгіленуі мүмкін. Егер 3 айдан аса мерзімге тұрғылықты мекенжайын ауыстыру, әскери қызмеке, оқуға, іссапарға кету секілді дәлелді себептер болса (және растайтын құжат болса), онда емтиханды қайта тапсыру бастапқы әрекеттен кейін 3 күндізбелік күн ішінде болады.
Автомектепте емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін сізге курстарды аяқтағаны туралы куәлік беріледі.