Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімдері (мамандандырылған ХҚКО-ры)

Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек  автокөлік иелері санының да  тұрақты молаюы байқалады. Қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдеу мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары – арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ашылды.  Мұндай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - ның ерекшелігі – мұнда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмірлік белгіні беру бойынша қызметті ұсынатындығында. ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба көптеген бұлтартпас артықшылықтарға ие.

  • тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмірлік белгіні бере отырып, автокөлік құралын тіркеу;
  • жолда жүру ережелері мен автокөлікті жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау;
  • жүргізуші куәлігін дайындау және беру.
  • Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек  автокөлік иелері санының да  тұрақты молаюы байқалады. Қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдеу мақсатында арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары – арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ашылды.  Мұндай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - ның ерекшелігі – мұнда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеу және нөмірлік белгіні беру бойынша қызметті ұсынатындығында. ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба көптеген бұлтартпас артықшылықтарға ие.

Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның байланыстары

Мұндай орналасу аймақтық автотұрақтың үлкендігі мен тиісті алаңдардың болуымен шарттастырылған. Әдететгі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ секілді арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ да «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді, осылайша, қазақстандық жүгізушілер қажетті құжаттарды кешенді түрде ала алады.

Қазақстандықтарға көрсетілетін қызметті арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға енгізу үшін, оны орындау үрдісі барынша автоматтандырылды. Осылайша, жүргізуші куәлігін алу уақыты 6 сағаттан 2 сағатқа қысқартылды, ал нөмір мен техникалық құжатты арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ - да 90 минуттың ішінде алуға болады.

Автокөлікті арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ - да тіркеу барысында жүргізушілерге өтініш бланкілерін толтыру,  анықтама қағаздарын жинау қажет болмайды, оның орнына орталық операторлары жүргізуші жөніндегі тиісті мәліметтерді дерекқордан өздері таба алады.

Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жұмысында адами фактор толығымен жоққа шығарылады, себебі бағаны орталық компьютер береді. Қандай да бір жолмен көмектесуге, күн ілгері белгілі болған нұсқаны енгізуге болмайды, өйткені бірнеше камералардан ұдайы бейнебақылау жүргізіліп отырады.

Егер техникалық жарақтандыру туралы айтатын болсақ, онда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Мамандандырылған бөлімдерінің қалалық кешендерінің аумағында практикалық емтихан өтетін 1 га алаңы бар автодром және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға келушілер үшін тегін автотұрақ бар.

Кезекті болдырмау үшін сенімді электрондық жүйе көзделген. Қызметтерді төлеуді банк арқылы тікелей құжаттау рәсімі кезінде немесе әдеттегідей банк кассаларын пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.

Автокөлікті шетелде сатып алғандар үшін тиісті рәсімдерден өту үшін кедендік бақылау бекеті бар. Орталықтарда маман-кеңесшілер, сондай-ақ, жол полициясы қызметкерлері жұмыс істейді. Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мүлде транспарентті және жемқорлықтың кез келген көрінісін жоққа шығарады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі-сенбі аралығы, 9:00 - ден 18:00 - ге дейін түскі үзіліссіз.
Барлық сұрақтарыңызды, шағымдарыңыз бен тілектеріңізді әдеттегідей www.1414.kz  ресурсына Қазақстан аумағындағы кез келген мобильдік құрылғыдан 1414 қысқа нөміріне хабарласып қалдыруыңызға болады.  
Төменде жүргізуші куәлігін алу рәсімін автоматтандырудағы елеулі  артықшылықтардың кестесі көрсетілген.

Дәстүрлі түрде

Арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-нда

1. Өтініш.

Электронды өтініш.

2. Жеке басты куәландыратын құжат.

Мәліметтер ҚР Әділет министрлігінің дерекқорынан алынады.

Құжаттар талап етілмейді.

3. Оқу курсын аяқтағаны туралы куәлік және оның көшірмесі.    

Құжаттар талап етілмейді.

Мәліметтер ҚР Ішкі Істер министрлігінің «Автомектеп» ақпараттар жүйесінен алынады.

4. Медициналық анықтама.

1. Медициналық анықтама.

5. Жүргізуші картасы.

Құжаттар талап етілмейді.

Мәліметтер «Жүргізуші» ақпараттар жүйесінен алынады.

6. Мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі.

2. Мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі.

Бұдан былай автокөлігіңізді арнайы ХҚКО-да тіркеу үшін, дәстүрлі 11 құжаттың орнына бар болғаны 6 құжат өткізсеңіз жеткілікті. Барша тіркеу рәсімі тікелей арнайы ХҚКО аумағында жүргізіледі. Ыңғайлы әрі жылдам тіркеу рәсімі үшін барлық жағдай қарастырылған.  

Дәстүрлі түрде

Арнайы ХҚКО-нда

1. Бланкіде толтырылған өтініш.

1. Тіркеу актісін Мемлекетік корпорация филиалдарының Мамандандырылған бөлімдерінің қызметкерлері ХҚКО ЫАЖ электрондық түрде қалыптастырады, көрсетілетін мәліметтерді қызметті алушы салыстырады және қол қояды.

2. Заңды тұлғаның ұйым мөрі қойылған көлік құралын тіркеу жөніндегі бланкіде толтырылған өтініші.

Тіркеу актісін Мемлекетік корпорация филиалдарының Мамандандырылған бөлімдерінің қызметкерлері ХҚКО ЫАЖ электрондық түрде қалыптастырады, көрсетілетін мәліметтерді қызметті алушы салыстырады және қол қояды

3. Жеке басты куәландыратын құжат.

Құжаттар талап етілмейді.

Жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі)

Құжаттар ҚР ІІМ 2015 жылғы 14 сәуірдегі №341 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес талап етіледі.

4. Мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі.

2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген баж бен алымдардың төленгенін растайтын құжаттар.

5. Көлік құралына салық төленгенін растайтын құжаттар.

3. Жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама немесе куәлік туралы, баждар мен алымдар төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

6. Салық төлеуден босау құқығын растайтын құжаттар.

Құжаттар талап етілмейді.

Мәліметтер ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрілігің дерекқорынан алынады.

 

Құжаттар талап етілмейді.

7. Көлік құралын тіркеу құжаты.

4. КҚТК және/немесе көлік

құралдарының тіркеу құжаттары;.

8. Қабылдау-беру актілері, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдықтарды орнатқан өндіруші-зауыттардың немесе кәсіпорындардың сертификаттары, не болмаса соған сәйкес сырттан әкелінген жабдықтарға кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты.

5. Қабылдау-беру актілері, Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдықтарды орнатқан өндіруші-зауыттардың немесе кәсіпорындардың сертификаттары, не болмаса соған сәйкес сырттан әкелінген жабдықтарға кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты.

9. МТНБ, «Транзит» белгілері және Қазақстан Республикасына қайта шығару туралы міндеттеме бойынша әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;

6. МТНБ, «Транзит» белгілері және Қазақстан Республикасына қайта шығару туралы міндеттеме бойынша әкелінген  көлік құралдарының тіркеу құжаттары;

10. Көлік құралына жеке меншік құқығын растайтын құжат, номерлік агрегат:

  • кедендік рәсімдеуден өткендігін растайтын құжаттар, (жүктік кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда қайта шығару туралы міндеттеме);
  • тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдары берген құжаттар; сот бекіткен сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, сот атқарушысының мемлекеттік органдардың атқарылуға тиісті іс-әрекеттері жөніндегі хабарламасы қоса берілген атқару қағазы;
  • азаматтық заңнама талаптарына сәйкес нотариалды түрде толтырылған мүлікке мұрагерлік ету құқығы жөніндегі келісім-шарттар, куәліктер, құжаттар;
  • заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе өзге де заңды немесе жеке тұлғаға бөлу және беру жөніндегі мөрмен бекітілген бұйрығы (өкімі).

7. Көлік құралына жеке меншік құқығын растайтын құжат, номерлік агрегат:

  • кедендік рәсімдеуден өткендігін растайтын құжаттар, (жүктік кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда қайта шығару туралы міндеттеме);
  • тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдары берген құжаттар; сот бекіткен сот шешімінің, қаулысының көшірмесі, сот атқарушысының мемлекеттік органдардың атқарылуға тиісті іс-әрекеттері жөніндегі хабарламасы қоса берілген атқару қағазы;
  • азаматтық заңнама талаптарына сәйкес нотариалды түрде толтырылған мүлікке мұрагерлік ету құқығы жөніндегі келісім-шарттар, куәліктер, құжаттар;
  • заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе өзге де заңды немесе жеке тұлғаға бөлу және беру жөніндегі мөрмен бекітілген бұйрығы (өкімі).

Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша Мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында қолжетімді. Бұл үшін электрондық-цифрлық қолтаңба жеткілікті.

ЕСКЕРТУ:

Әр арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ -нда медициналық тексеруден өту кабинеттері (сонымен қатар нарколог және психиатр кабинеттері) жылжымалы кестемен жұмыс жасайды. Медициналық кабинеттердің жұмыс уақытын анықтау үшін өз қалаңыздағы арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на хабарласуыңыз қажет.