Жүргізуші куәлігін алуға құқығы болу үшін жүргізу негіздерін оқу, жол қозғалысы қағидасын жаттау және емтихан тапсыру керек, ол сіздің біліміңізді растайды.
Жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқудан өту қажет.
Автомектепке қабылдану үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Автомектепте оқу мерзімі таңдалған көлік құралына байланысты және бір айдан жарты жылға дейін болады.
Оқудан кейін, автомектептегі емтихандар төмендегі реттілікпен тапсырылады: бастапқыда теориялық, кейін – практикалық.
Теориялық емтиханды тапсыру үшін 40 минут ішінде кем дегенде келесі тәртіп бойынша тестілік сұрақтардың 40-нан 32-не жауап беру керек:
Егер сіз теориялық емтиханнан сәтті тапсырған жағдайда, онда жүргізу бойынша практикалық емтиханға өтесіз.
Практикалық емтиханнан өту кезінде біліктілігіңді тексереді:
Практикалық емтиханның әрбір сынақ жаттығуы үшін қате тізбелері анықталады, сол жүргізуші кандидатурасына Емтиханды қабылдау қағидасының 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес қорытынды кестесімен көзделген айыппұл балы беріледі.
Практикалық емтиханды сәтті тапсыру үшін сізге белгіленген уақытта барлық сынақ жаттығуларын орындауыңыз және 99 айыппұл балдан көп емес алуыңыз керек.
Егер сіз 100 және одан көп айыппұл балын алсаңыз, онда сізге «Тапсырмады» деген бағасы қойылады және емтихан аяқталады. Бұл ретте, емтиханды қайта тапсыру 7 күндізбелік күннен кейін ғана белгіленуі мүмкін. Егер 3 айдан аса мерзімге тұрғылықты мекенжайын ауыстыру, әскери қызмеке, оқуға, іссапарға кету секілді дәлелді себептер болса (және растайтын құжат болса), онда емтиханды қайта тапсыру бастапқы әрекеттен кейін 3 күндізбелік күн ішінде болады.
Автомектепте емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін сізге курстарды аяқтағаны туралы куәлік беріледі.