Жүргізуші куәлігін мерзімінің аяқталуы бойынша ауыстыру

Инструкция

Жүргізуші куәлігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылы ҚР Ішкі істер министрлігімен беріледі.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК.

Рәсімдеу мерзімі – 2 сағат (емтиханға жұмсалған уақытты есептемегенде).

 

Егер cізде жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталған болса, онда оны ауыстыру үшін төмендегі құжаттармен Мамандандырылған ХҚКО-на жүгінуіңіз қажет:

  • жеке куәлік;
  • бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
  • медициналық анықтама 083/У (медициналық қарап-тексеруді Мамандандырылған ХҚКО-да өтуге болады);
  • Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25 АЕК). Кассада кезекте тұрмау үшін cіз онлайн-сервис арқылы жүргізуші куәлігін алуға мемлекеттік бажды төлеуге болады.
{"id":4773,"source_id":3160,"title":"Жүргізуші куәлігін алуға мемлекеттік бажды төлеу","service_code":"P20.47","service_link":"https://egov.kz/wps/myportal/conPayments"}

Уақытты үнемдеу үшін Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті онлайн брондауды ұсынамыз.

{"id":4772,"source_id":3134,"title":"Мамандандырылған ХҚКО-да кезекті онлайн брондау","service_code":"SR.06","service_link":"https://egov.kz/services/SR.06/"}
Дата обновления - 02.06.2025
Справочная информация
Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы
3785