Жүргізуші куәлігін кім ала алады

Инструкция

Бірінші рет жүргізуші куәлігін (ЖК) алу үшін төмендегілер қажет:

  • нақты көлік түрін басқару үшін талап етілетін нақты жасқа жету;
  • алдын ала автомектепте оқып, жол қозғалысы қағидасын білу және жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтиханды тапсыру;
  • қажетті құжаттарды жинап, ЖК алуға өтініш жіберу. Біз осы туралы келесі материал тарауында егжей-тегжейлі жазамыз.

Жүргізуші куәлігінде иесі туралы келесі ақпарат көрсетіледі:

  • Аты-жөні;
  • Туған күні мен жері;
  • ЖК берген күні мен орган атауы;
  • ЖК нөмірі;
  • Фото;
  • Қолы;
  • Рұқсат санаты;
  • Қосымша ақпарат (көзілдірік кию, мүгедек және т.б.).

 

Дата обновления - 05.06.2024
Справочная информация
Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңы.
10486