Жасы 18-ден асқан тұлғалардың жеке куәлікті алғаш алуы

Инструкция

Жеке куәлікті ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы береді.

Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 0,2 АЕК.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

18 жасқа толған адамдардың туу туралы куәліктері негізінде жеке куәлікті дайындау рәсімі жедел түрде орындалмайды.

 

Жасы 18-ден асқан Қазақстан Республикасы азаматының тұлғасын куәландыратын құжаттары және олардың кәмелет жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тіркеуі жоқ  тұлғаларды уәкілетті қызметкер олардың азаматтығын анықтауға тексеру жүргізеді.

Жасы 18-ден асқан жеке басын куәландыратын құжаттарды алғаш алуға өтінім жасаған тұлғалар үшін қажетті құжаттар тізбесі

  1. жеке басын куәландыратын құжатты уақытында алмау себептерін көрсетумен ерікті түрде жазылған өтініш;
  2. тұру, оқу, жұмысының барлық жерлерін көрсетумен толық жазылған өмірбаян;
  3. туу туралы куәлік (тапсырылған туу туралы куәлікті растау үшін халықты құжаттау мен тіркеудің уәкілетті қызметкері АХАТ органдарынан туу туралы актілік жазбаның көшірмесін сұратады);
  4. ата-анасының біреуінің тұлғасын растайтын құжат.

Сондай-ақ, халықты құжаттау мен тіркеудің уәкілетті қызметкері мүмкіндігінше түрі анықталатын тұлғамен ұқсас келетін кемінде үш басқа тұлғаның фотосуретін бір уақытта көрсетумен, жақын туыстарын (бір және одан астам адам) тартумен, оларды жоқ болса – азаматты кемінде бес жыл танитын тұлғаларды (кемінде екі адам) фотосурет бойынша азаматтың тұлғасын анықтау хаттамасын жасайды.Тексеру, жеке басты анықтау және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін растау аяқталғаннан кейін уәкілетті қызметкер қорытынды шығарады және жеке куәлікті және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға ресімдеу жүргізеді.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын және олар республикада кәмелеттік жасқа толғанға дейін тұрақты тіркеуде тұрған құжаттары жоқ 18 жастан асқан адамдар өздерінің азаматтығын анықтау және жеке басын анықтау туралы өтінішпен қалалық, аудандық полиция басқармаларына жүгінеді.

Уәкілетті қызметкер олардың өтініші бойынша тексеру жүргізеді, ол аяқталғаннан кейін оларға Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен және жеке куәлігімен құжаттандыру туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын 13-нысандағы анықтама беріледі.

Дата обновления - 08.02.2024
Справочная информация
1746